Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 27 сәуірдегі Қазақстан халқына мәлімдемесінде басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу керектігін атап өтті.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша пандемияның шенгелінен қатаң санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын негізге ала отырып, қызмет көрсетудің оңтайландырылған жаңа форматтағы тұжырымдама бойынша азаматтардың шоғырлануы мен кезектерді болдырмай қызмет көрсету басты назарда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде қызмет алу, оның ішінде Telegram-бот арқылы қызмет алу қолжетімділігі оңай әрі жылдам!
Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Telegram-бот арқылы тұрғындарға қажетті «Дәрігерді үйге шақыру» қызметін алу жолдары түсіндірілген бейнероликті сіздердің назарларыңызға ұсынады!