«SANALY URPAQ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТТЕ

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушев Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді.

Басты мақсат – қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Сонымен қатар, мақсатқа қол жеткізудің бір бағыты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар мен стандарттарды әзірлеуге консультациялық көмек көрсету.

Жұмыс сапарын бірінші болып жол-көлік колледжінің студенттерімен кездесуден бастап, «Sanaly Urpaq» фронт-офисінің, «Адалдық дүкені» мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысымен танысты.

«Құрметті колледж ұжымы мен студенттер, жастар! Білім беру саласы білім берудің ғана емес, рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады және нақ осы жастық шақта негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар қалыптастады. Cапалы білім мен дұрыс өмірлік ұстанымдарға ие жастар жастық және есейген шағында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте тұрақтылық танытады» – деп атап өтті Қайыржан Токушев.

Сондай-ақ, республикалық жоба кеңсесінің басшысы “Sanaly urpaq” жобасының қызметімен таныстырды.

«Елбасының қай жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларға баса назар аударылып келеді. Президенттің 2018 жылғы Жолдауында да жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі анық. Болашақ маман ретінде қазірден сабақтарыңызды жақсы оқып, биылғы жылы өздеріңізді жақсы жағынан көрсетулеріңізге тілектеспін» – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Е.Жұмабаев.

Колледж жұмысымен таныстырған колледж директорының орынбасары Ә.Ақмолдаев «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштарын көрсетті. Мұнда оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алатынын жеткізді.

Сондай-ақ, колледж ғимаратында Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мен Жол-көлік колледжінің студенттері дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты  суреттер көрмесі көрсетіліп, концерттік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *