«Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторлардың мәселелері шешілуде

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттігінің басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Агенттік бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.

Осыған байланысты, 2018 жылдың 9 тамызында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және
«Бал Текстиль» ЖШС арасында «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы бойынша келісімге қол қойылған.

Аталған келісім аясында, «Бал Текстиль» ЖШС-нің мәселесі Департаменттің араласуымен оң нәтижесін тапқан болатын.

«Бал Текстиль» ЖШС негізін қалаушы Б.Исхаховтың айтуынша «ағымдағы жылдың 9 тамызында «Protecting Business and Investments» жобасы бойынша Департамент пен Компания арасында Инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау бойынша екі жақты Келісімге қол қойылған болатын.

Компанияны құзырлы органдар тарапынан тексерулер жүргізу барысында осы келісім аясында негізсіз әкімшілік айыппұл салынуға жол берілмей, Департамент тарапынан құқығымыз қорғалды. Нәтижесінде
50 млн. теңгеден астам қаржы Компанияның бюджетінде қалды» деп атап өтті.

Сонымен қатар, «Бал Текстиль» ЖШС директоры Дурру Огуз аталмыш жоба елімізге инвесторлардың көптеп келуіне үлкен септігін тигізетіндігін және бизнестің дамуына тікелей үлес қосатын жақсы бастама екендігін айтып өтті.

Қазіргі таңда, Департаментпен Шымкент қаласының барлық мемлекеттік органдарынан инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан сүйемелдеуге жауапты мамандар тізімі жасақталған. Яғни бұл дегеніміз, инвесторлардың мемлекеттік мекемеге жүгінген жағдайда, олардың өтініштері бойынша қызмет көрсету процессі, сапасы және ақпараттандыру жүйесінің тиімділігі артатын болады.

Бүгінгі күні Департамент тарапынан жоба аясында жалпы соммасы
27 млрд 768 млн теңгені құрайтын өзара іс қимыл туралы
9 инвестициялық келісімге қол қойылған.

Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *