«Protecting Business and Investments» жобасының нәтижесі

Қолайлы инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайтумақсатында Агенттік бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Аталған жоба аясында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «Tumar Textile» ЖШС арасында келісімге қол қойылды.

Осы келісім аясында, Департаменттің араласуымен «Tumar Textile» ЖШС-нің мәселесі оң нәтижесін тапты.

Нақтырақ айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқа «Tumar Textile» ЖШС-нің жер учаскесінің жер-кадастрлық жоспарын 10 жыл мерзімге ұзарту бойынша құзырлы мемлекеттік мекемелерге жүгінген болатын.

Алайда,  құзырлы органдар тарапынан әкімшілік кедергілер жасалып, белгісіз себептермен созбалаңға салынған.

«Құзырлы органдар тарапынан өтінішімізді қарау барасында әкімшілік кедергілерге жолықтық, алайда Департаменттіңараласуымен құқығымыз қорғалды. Нәтижесінде заңға сәйкес оң шешім қабылданды» деп атап өтті«Tumar Textile» ЖШС-нің директоры О.Орманов.

Сондай ақ, «Protecting Business and Investments» жобасымен келісімге тұруға ниет білдірген инвесторлар үшін Департамент тарапынан «WhatsApp» (+7702 201 51 51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *