Февраль 25, 2017

I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама

“I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама
қорытындысын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызмет Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік ирспекциялау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы – 2 (екі) айдан аспай беріледі;

қайта ресімдеу мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы – 1 (бір) айдан аспай беріледі;

алдын ала сараптама – 5 (бес) жұмыс күннен аспай

Қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылданған кезден бастап бес жұмыс күн аралығында ұсынылған құжаттардың толықтылығын тексереді.

Егер ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталса қызмет беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қарастырылмайтынын жазбаша түрінде дәлелдеп қайтарады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнінде өтінім;

егер әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

егер эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары

электрондық нұсқасымен қоса эмиссиялар нормативтерi жобасы;

iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

жобаның электрондық нұсқасы;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде “Байқоңыр” кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы.

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнінде өтінім;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттамасы, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі эмиссиялар нормативтерi жобасы;

iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздемелердің көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі биологиялық негiздемелер, келесі құрамда:

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қалалар мен аумақтарды, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақтар аумақтарын және шаруашылық қызметін жүргiзудiң айрықша режимiндегi аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі материалдары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі;

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі;

денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындыларының электронды көшірмелері;

егер әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде “Байқоңыр” кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрдегі жобалары, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижесінің электронды көшірмесі

өтінімді БАҚ-да жарияланғанын растайтын материалдардың электронды көшірмесі.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтерін қызмет беруші мемлекеттік ақпарат жүйесіне сәйкес келетін “электронды үкімет” шлюзінен алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілмесе қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпарат жүйесіндегі заңмен қорғалатын құпияны пайдалануға келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушымен барлық қажетті құжаттар тапсырылғанда:

қызмет берушіге – өтініш қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растайтын құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілуімен кеңседе тіркелгені туралы оның көшірмесіне белгі соғу болып табылады;

порталға – “жеке кабинет” мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным қабылданғаны туралы статус жолданады.


 

2-қосымша

“I санаттағы объектілерге мемлекеттік
экологиялық сараптама қорытындысын беру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

Қайда __________________________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

кімнен__________________________________________________

(өтініш иесінің толық атауы)

Мекен жайы _____________________________________________

индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)

Өтініш иесінің деректері _____________________________

(ЗТ/ЖТмемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН,ЖСН)

Мемлекеттік сараптаманы жүргізуге өтінім

_____________________________________________________________________

______________________________________________________________ жобаға

(жобаның толық атауын көрсету)

мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді сұраймын.

Ұсынылып отырған құжаттардың тізімі

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Басшы ____________ __________________________________________________

(қолы) (аты, тегі, жөні)

“______” ____________20____ж.