Февраль 22, 2017

2-разрядты спортшы cпорттық разрядтар беру

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы).

 

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданының жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
 Қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) «2-разрядты спортшы», «3-разрядты спортшы», «1-жасөспірімдік разряд спортшысы», «2-жасөспірімдік разрядты спортшы», «3-жасөспірімдік разрядты спортшы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;

спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

 

2) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

 

3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы дипломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;

 

5) «спорт төрешісі» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде (не оның нотариалдық куәландырылған өкілі бойынша) беру жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салу бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін бір жүмыс күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.


  

1-қосымша        

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты
спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты
 спортшы спорттық разрядтар және
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
 орта деңгейдегi екiншi санатты 
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, спорт төрешiсi біліктілік
 санаттарын беру» мемлекеттік  
 көрсетілетін қызмет стандартына
     

Нысан

______________________________
(Дене шынықтыру және спорт
______________________________
саласындағы жергілікті атқарушы
___________________________________
органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасына

 ӨТІНІШ
___________________________________________________________
(жаттықтырушыға, нұсқаушы-спортшыға, спорттық төрешіге спорт
түрін көрсету, әдіскерлерге – спорт мекемесінің атауы) 

Мен, _______________________________________________________________
Спорттық атағы _____________________________________________________
Жұмыс орны, атқаратын лауазымы ______________________________________
Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі ______________________________
Үй мекенжайы: __________________________________________________
Маған _____________________________________________________________
беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.
Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме болады
деп санаймын: ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының және спорттық
төрешілердің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым
____________________

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

20__ жылғы «___» ______________ ____________________
(жеке қолы)


 

2-қосымша    

«2-разрядты спортшы, 3-разрядты
спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты
спортшы спорттық разрядтар және
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
 орта деңгейдегi екiншi санатты 
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, спорт төрешiсi біліктілік
 санаттарын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
Нысан

 Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Р/с
Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Туған жылы Спортшымен жұмыс істеген өтілі Растаушы құжат Спорттық нәтижесі Тіркелген (берілген) орны Растаушы құжат
               

Басшының қолы ____________________

Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________