Февраль 22, 2017

160 «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін

 «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер
үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
техникалық шарттардың көшірмесі;
пайдаланушыны қосу схемасы;
жүйелік оператордың қорытындысы
энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
техникалық шарттардың көшірмесі;
пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі;
жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;
энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.


 

1-қосымша 

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және 
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
(шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
орындылығы туралы қорытынды беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
стандартына  

Жергілікті атқарушы орган

Нөмір: (Нөмір)          Күні: (Берілген күні) ж.

Қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы
станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

(ЗТ толық атауы) берілді, БСН (ЗТ БСН), заңды мекенжайы
(ЗТ мекенжайы).

Объектінің орналасқан жері (Объектінің орналасқан жері)

Негіздеме: (Қорытындыны негіздеу)

(Қол қоюшының лауазымы)      (Қол қоюшының аты-жөні)


 

2-қосымша    

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және 
одан жоғары объектілер үшін қайталанатын
(шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық
орындылығы туралы қорытынды беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
стандартына     

__________________қаласының/ауданының
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының басшысы ____
__________________________________ден
(тегі, аты, болса әкесінің аты
(бұдан әрі – ТАӘ), не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымның атауы)

Нысаны

Өтініш

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның Т.А.Ә. не толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның орналасқан жері, заңды мекенжайы не тұрғылықты жері)

БСН ______________________
СИК_______________________

«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін
қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы
станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беруді
сұрайды
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері, қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты).
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Заңды тұлғаның басшысы
________________    _________________________________________________
(қолы)                        (тегі, аты-жөні)