ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі №40 өрт сөндіру бөлімімен бірлесе дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның тақырыбы Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауының тоғызыншы міндетін жүзеге асырылу барысына негізделген.

Іс-шараның мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова, «You&me» қоғамдық пікірді зерделеу орталығының өкілі Г.Алимбаева және жеке құрам қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *