Февраль 22, 2017

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 бұйрығы)

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;

 

Қажетті құажаттар тізбесі:

Еркін  нысандағы   қатысуға       өтінім;
бизнес-жоспар;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда,            жобаның       техникалық-экономикалық           негіздемесі;
жоба   бойынша       жобалау-сметалық             құжаттама.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен         соң     қолданысқа  енгізіледі)            бұйрығымен.
9-1.    Көрсетілетін қызметті        беруші           мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс              еместігін            анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден    бас     тартады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.