Февраль 25, 2017

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу

“Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары және кеден бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) арыз берушінің атауы және құрылатын қойманың орналасқан орны туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;

3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 260–бабының 2–тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттар:

меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар болуға;

қажетті тиеу-түсіру механизмдері және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;

жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 186–бабының 3–тармағына сәйкес белгіленуі және онда бетон немесе асфальт төсемі болуға;

техникалық жарамды кіреберіс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуға;

аумақ, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдарды) қоса алғанда, біртұтас және ажырамас кешен болуы, бір почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;

өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтардың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңның жобалары мен сызбаларын табыс етуге тиіс.

Күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы болып табылады.