«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығы).
Қызмет көрсетуші:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру – емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;
өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;
бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;
№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
1-қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемді
кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
Фотосуретке арналған орын
Жергілікті атқарушы органының
басшысына
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу
құқығына куәлікті беруге арналған өтініш
Маған_______________________________________________ауданында
(жүзу ауданын (аудандарын): ТЖ, ІСЖ, ІСЖӨ және ІСЖК, ТЖ және ІСЖ
көрсету керек)
_____________________________________________________________________
(шағын көлемді кеменің үлгісін көрсету керек: гидроцикл, желкенді
қайық, механикалық қондырғысы бар шағын көлемді кеме)
басқару құқығына куәлік беруіңізді сұраймын.
Жүзу (білемін/білмеймін) ______________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________________
2. ____________________________________
3. ____________________________________
4. ____________________________________.
Мекенжайы, байланыс телефондары (факс) _______________________
______________________________________________________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ ж. « ____ » ___________ _____________________________
(өтінім берушінің қолы)
Емтихан нәтижелері
Пәндердің және жүзу аудандарының атауы | Білімді бағалау (сынақтан өтті, сынақтан өткен жоқ) | Емтиханды қабылдау күні | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
ТЖ – теңіздердің аумақтық және ішкі сулары | |||
ІСЖ – кеме жүретін ішкі су жолдары | |||
ІСЖӨ және ІСЖК – Қазақстан Республикасының кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су айдындары | |||
ТЖ және ІСЖ – теңіздердің аумақтық ішкі сулары және кеме жүретін ішкі су жолдары | |||
____________________________________________________________________
(кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
Басқару құқығына емтихан нәтижесі (сынақтан өтті / сынақтан өткен жоқ)
____________________________________________________________________
(кеме-(лер) санаты (үлгісі))
Жүзу ауданында (аудандарында) ______________________________________
20____ ж. «____» _____________
М.О.
2-қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемді
кемелерді жүргізу құқығына
куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
Жергілікті атқарушы органының
басшысына
________________________________
(Т.А.Ә.)
________________________________
(Т.А.Ә. туған күні, ЖСН)
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәліктің телнұсқасын беруге арналған өтініш
Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын
беруіңізді сұраймын.
20__ жылғы «__» ________ шағын көлемді кемені басқару құқығына
куәлік мынадай мән-жайларда жоғалған: _______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
1. ____________________________;
2. ____________________________;
3. …
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 ____ жылғы «___» __________ __________________________________
(өтініш берушінің жеке қолы)