Февраль 22, 2017

Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру

«Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
4) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Порталға өтініш жасаған кезде:
1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе ЖӘБО-ға өтініш жасайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЖӘБО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әскери қызметті өткеруді растау туралы өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әскери қызметті өткеруді растау туралы өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Портал арқылы:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжаты нысанындағы сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алынған күні көрсетіле отырып, өтінішті қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.


 

3-қосымша    

«Әскери қызмет өткеруді растау   
туралы анықтамалар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына  
          

Нысан

______________________________________
(ауданның, қаланың)
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
(басқармасының) бастығына
___________________________________
кімнен________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде),
туған жылы және жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________
____________________________________тұратын
_________________________ әскери есепте тұр

Өтініш

Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беруіңізді сұраймын.
Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма,
департамент) (әскери комиссариат) әскерге шақырды
____________________________________________________________________
Сұрау салынған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы
____________________________________________________________________
Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша мәліметтер ___________________________________________
____________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________________________ 20__жылғы «___»________ ____________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                      (қолы)