Әскери қызметке азаматтарды күзгі шақырту комиссияларының жұмысына бақылаушы ретінде арнайы мониторинг тобы қатысуда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы аранайы мониторинг тобы, әскери қызметке азаматтарды күзгі шақыру алдында, шақырудың ашықтығына және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақстында медициналық және шақыру комиссиялары жұмысына бақылаушы ретінде қатысуда.

Сонымен қатар, мониторинг барысында Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметінің жұмысымен және комиссия жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, әскери қызметке шақыртылған азаматтармен кері байланыс жүргізіліп, олармен пікірлер алмасып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне немесе қандайда бір кедергі орын алған жағдайда Департаменттің сенім телефонына хабарласуға болатындығы жеткізілді.

Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың көктемгі шақырылымында өңірімізден 400-ге жуық әскери қызметке міндетті азаматтар жолданған болатын, ал күзгі шақырылымға осы шамалас азаматтарды жіберу көзделіп отыр.

Айта кетейік, Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-702-201-51-51), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайты жұмыс жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *