ӘРБІР АДАМ БАСҚАҒА ӨМІР СЫЙЛАУҒА ҚАБІЛЕТТІ

Бүгін «Өзгерістерді өзіңнен баста!» кіші бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  қызметшілері қан тапсырды.

Таң сәріден жиналған Департамент қызметшілері алдымен тексерістен өтіп, арнайы сауалнама толтырып, дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор болды.

«Әрбір адам басқаға өмір сыйлауға қабілетті. Осы күнге дейін қан құю – көптеген адамның өмірін құтқарып қалудағы мүмкіндіктің бірі. Сондықтан барлық әріптестеріме бірауыздан қайырымды істі қолдап,  белсенділік танытқаны үшін алғыс айтамын», – дейді  Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Бұл игі істі Шымкент қаласының барлық мемлекеттік органдары қолдап, қайырымдылық шарасына белсенділік танытуға шақырамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *