Февраль 25, 2017

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және

“Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және
банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар
адамдарды тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

2) “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

әкімші ретінде тіркеу – өтінішті және құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін түпнұсқа);

біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешім;

тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы медициналық анықтама;

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;

2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушын сәйкестендіру үшін);

3) тіркеуден шығару үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін түпнұсқа) құжат;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда сенімхат;

әкімші қызметін жүзеге асырудан шеттету немесе жаңа кандидатураны таңдау туралы несие алушылар жиналысы хаттамаларының көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушы ретінде қатысқан жағдайда қоса беріледі);

порталға:

1) тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері;

біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы шешімнің электрондық көшірмесі;

тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;

көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп тануы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;

2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгерістер енгізу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) тіркеуден шығару үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

әкімші қызметін жүзеге асырудан шеттету немесе жаңа кандидатураны таңдау туралы несие алушылар жиналысы хаттамаларының электрондық көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушы ретінде қатысқан жағдайда қоса беріледі).

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін Мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша береді.

Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорациясы нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорациясының сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген мәлімет жолданады.


 

1-қосымша

“Әкімшінің қызметін жүзеге
асыру құқығы бар адамдарды
тіркеу және оларды тіркеуден
шығару” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Қаржы министрлігінің       Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кірістер комитеті

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________________

___________________________________

(нақты тұрғылықты жері)

___________________________________

___________________________________

(байланыс телефондары)

 

Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық
басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға
құқығы бар адамдарды тіркеуге
өтініш

“Оңалту және банкроттық туралы” 2014 жылғы 7 наурыздағы

Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес әкімші

қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеу жүргізуді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:

  1. Туған жылы, күні, айы _____________________________________.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ________________

(сериясы, нөмір және

__________________________________________________________________

берілген күні, құжатты берген органның атауы)

  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ___________________________.
  2. Біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтер___________

(күні және Комиссия шешімі)

__________________________________________________________________

  1. Жұмыс орны ________________________________________________.
  2. Тұрғылықты жері ____________________________________________

(облыс, аудан, қала (ауыл, село), көше

___________________________________________________________________

(шағын аудан), үй нөмірі, пәтер нөмірі)

  1. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқ екені туралы

мәліметтер ________________________________________________________.

  1. Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте

тұрғаны туралы мәліметтердің жоқтығы ________________________________

__________________________________________________________________

  1. Соттың әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп

тануы туралы мәліметтердің жоқтығы __________________________________

___________________________________________________________________

  1. Электрон поштасының мекенжайы (е-mail) ___________________.
  2. Қоса берілген құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің

көшірмесі;

3) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір

ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы

туралы анықтама;

4) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір

ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген

медициналық анықтамалар;

5) тұрғылықты жері бойынша оларды ұсынғанға дейін кемінде бір

ай бұрын берілген өтелмеген немесе алынбаған соттылығының жоқтығы

туралы анықтама.

Ескерту: құжаттардың көшірмелері салытырып тексеру үшін

түпнұсқаларымен не құжаттардың нотариалды куәландырылған

көшірмелерімен бір мезгілде табыс етіледі.

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәліметтерді пайдалануға келісемін.

________________ ___________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20 __ жыл “____” _____________

(күні)


 

2-қосымша      

“Әкімшінің қызметін жүзеге асыру
құқығы бар адамдарды тіркеу және
оларды тіркеуден шығару”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________________

___________________________________

(нақты тұрғылықты жері)

___________________________________

___________________________________

(байланыс телефондары)

 

 

Уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық
басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында
тіркелген адамның деректеріне өзгерістер енгізу туралы
өтініш

“Оңалту және банкроттық туралы” 2014 жылғы 7 наурыздағы

Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес уақытша

әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттық басқарушылардың қызметін

жүзеге асыру мақсатында______________________________________________

(тіркеу күні және нөмірі)

__________________________________________________________ тіркелген

(тіркеу күні және нөмірі)

деректеріне өзгерістер енгізуді сұраймын, атап

айтқанда:_________________________________________________________

(тіркеу туралы өтініште өзгертуге жататын

__________________________________________________________________

мәліметтер көрсетіледі).

________________ ____________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20 __ жыл “____” _____________(күні)


 

3-қосымша

Әкімшінің қызметін жүзеге асыру
құқығы бар адамдарды тіркеу
және оларды тіркеуден шығару”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________________

___________________________________

(нақты тұрғылықты жері)

___________________________________

___________________________________

(байланыс телефондары)

 

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында
тіркелген тұлғаны тіркеуден шығару туралы өтініш

“Оңалту және банкроттық туралы” Қазақстан Республикасының

2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 8-тармағының 5) тармақшасына

сәйкес _____________________________________________________уақытша

(тіркелген күні және нөмірі)

әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар ретіндегі

қызметті жүзеге асыру мақсатында тіркелген___________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

________________________________________________________байланысты

(негіздеме)

тіркеуден алуды сұраймын.

 

Қосымша:

  1. Әкімшінінің қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа

кандидатураны таңдау туралы кредиторлар жиналысы хаттамасының

көшірмелері.

____________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

20__ жылғы “____” __________.

(күні)