Февраль 25, 2017

«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-интернационалистерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

ЖӘБО-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
2) куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды;
3) егер бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы 1 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, куәлік беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
5) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ЖӘБО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушы (жауынгер-интернационалист, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушы) куәлігін беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3х4 фотосурет – 2 дана;
әскери билет немесе мұрағаттық анықтама.
Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушы (жауынгер-интернационалист, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушы) куәлігін беруге өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3х4 фотосурет – 2 дана;
әскери билет немесе мұрағаттық анықтама.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация жұмыскері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді және тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация немесе ЖӘБО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын (не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, Мемлекеттік корпорация оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.


 

1-қосымша  

«Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жауынгер-
интернационалистерге, Чернобыль атом электр
станциясындағы аварияның салдарын жоюға 
қатысушыларға куәліктер беру»        
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
              

Нысан

Фото үшін орын

_______________________
(облысы)
_______________________
(ауданы (қаласы)
қорғаныс істері жөніндегі
басқармасының (бөлімінің) бастығына

Ұлы Отан соғысына қатысушыға, жауынгер-интернационалистке, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыға куәлік беруге өтініш

  1. ___________________________________________________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде)
    2. ___________________________________________________________
    (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке
    сәйкестендіру нөмірі)
    3. ___________________________________________________________
    (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)
    4. ___________________________________________________________
    (отбасы жағдайы)
    5. ___________________________________________________________
    (тұрғылықты мекенжайы)
    ______________________________________________________________
    (себебін көрсету)
    ______________________________________________________________
    байланысты Ұлы Отан соғысына қатысушының (жауынгер-интернационалистің, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушының) куәлігін беруіңізді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
____________________________ 20__жылғы «___»________ ______________
(тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                    (қолы)