ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының 6698 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты  – азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілердің  маңызды рөлін көрсету, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелерімен таныстыру.

Іс-шара барысында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері мен сол әдістердің тәжірибе жүзінде қолданылуын түсіндірді. Сондай-ақ, шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі тараулары талқыланып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар туралы айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *