ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілердің маңызды рөлін көрсету, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізгі ережелерімен таныстыру.
Іс-шара барысында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдістері мен сол әдістердің тәжірибе жүзінде қолданылуын түсіндірді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерінің бірі екендігін атап өтті.
Іс-шара соңында құқық қорғау органдары салаларында жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.