Февраль 22, 2017

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығы).

Қызмет көрсетуші:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) “электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу – 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу – 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды;

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) лицензия алған кезде Мемлекеттік корпорацияға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;

2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруіне, жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгеруіне, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем “электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;

лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

4) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыруға, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты, лицензияны қайта ресімдеу кезінде Мемлекеттік корпорацияға:

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімі;

5) лицензияның телнұсқасын берген кезде Мемлекеттік корпорацияға (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

6) лицензия алған кезде порталға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

филиал арқылы шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

7) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде порталға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

8) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:

жеке тұлға үшін – осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

лицензияның және лицензияға қосымшаның электрондық көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;

9) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:

заңды тұлға үшін – осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

“электрондық үкіметтің” төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;

заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшiрмесi;

10) лицензияның телнұсқасын берген кезде порталға (бұдан бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделген болса):

жеке тұлға үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

заңды тұлға үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Портал арқылы жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып мәртебе жіберіледі.

1-қосымша    

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

сәйкестендіру нөмірі)

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің (-лері) толық

атауы көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

_____________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары _________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты ___________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы ___________________________________________________________

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға __________   _____________________________________________

(қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны

(болған жағдайда)     Толтыру күні: 20__ жылғы “__” _________________

2-қосымша

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

атауы көрсетiлсiн)

_____________________________________________________________________

______________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және

(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны

қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

беруiңiздi сұраймын

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы,

ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық

үй-жайлар) нөмірі)

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары _________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты ___________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы ___________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация жұмысткерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы ______________    _____________________________________________

(қолы)          (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны       Толтыру күні: 20__ жылғы “__” ________________________

3-қосымша

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияға мәліметтер нысаны

Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер

(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға

қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта

ресімдеген кезде толтырылады)

1) ТАӘ (болған жағдайда)_______________________________________

2) Лауазымы ___________________________________________________

3) Инженер-техник жұмыкердің аттестатының болуы _______________

_____________________________________________________________________

(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер

(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға

қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта

ресімдеген кезде толтырылады)

4) Өндірістік базаның мекенжайы _______________________________

_____________________________________________________________________

5) Ауданы _____________________________________________________

6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _________

_____________________________________________________________________

7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ____________________________

8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:

(болған жағдайда, “Х” белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыс

түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін

қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен ________

Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен _____

_____________________________________________________________________

Өзге талаптар

(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде

толтырылады)

10) Жұмыс тәжірибесі __________________________________________

11) Іске қосылған объектілер __________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар

актілерінің деректемелері ___________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға

қосымшаны алған кезде толтырылады)

13) Атауы _____________________________________________________

_____________________________________________________________________

14) Өлшем бірлігі _____________________________________________

15) Пайдалану мерзімі _________________________________________

16) Сипаттамасы (маркасы, қуаты)_______________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

17) Ескертпе __________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

4-қосымша

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке

сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

_______________________________________________________жүзеге асыруға

20___ жылғы ” “___________ № _____________, ______________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),

берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)

берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

жағдайда Х белгісін қою керек)

мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет):

1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған

жағдайда) өзгеруі _______

2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі

______

3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды

мекенжайы өзгеруі _______

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы “Рұқсаттар және

хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада

көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына

объектімен бірге “объектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша

берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

5) “объектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша берілген

лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете

отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы

өзгеруі _______

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы

талап болған жағдайларда _______

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта

ресімдеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ____________________

_____________________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат нөмірі)

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары _________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты ___________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы ___________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

Жеке тұлға ____________   ___________________________________________

(қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны

(болған жағдайда)      Толтыру күні: 20__ жылғы “__” ________________

5-қосымша

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

_____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________ жүзеге асыруға

(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық

атауы)

20___ жылғы ” ” _____________ № ____________, _____________ берілген,

(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),

берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)

берген лицензиардың атауы)

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

(керектің асты сызылсын)

қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті

ұяшыққа Х қою қажет):

1) заңды тұлға-лицензиат “Рұқсаттар және хабарламалар туралы”

Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес

(тиісті жолға Х қою қажет):

бірігу ____

қайта құру ____

қосылу ____

бөліп шығару ____

бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы “Рұқсаттар және

хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада

көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына

объектімен бірге “объектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша

берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

5) “объектілерге берілетін рұқсаттар” класы бойынша берілген

лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете

отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы

өзгеруі ____

6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы

талап болған жағдайларда ____

7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта

ресімдеуіңізді сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы

_____________________________________________________________________

(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, облысы, қаласы,

ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық

үй-жайлар))

Электрондық пошта ___________________________________________________

Телефондары _________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Банк шоты ___________________________________________________________

(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

мекенжайы ___________________________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

______ парақта қоса беріліп отыр.

Осымен:

көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес және жарамды болып табылатындығы расталады;

өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

өтініш беруші Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

Басшы ______________   ______________________________________________

(қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

Мөр орны           Толтыру күні: 20__ жылғы “__” ____________________

6-қосымша

“Құрылыс-монтаждау жұмыстарына
лицензия беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына

Нысан

Кімге ______________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

кімнен _____________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)

 ӨТІНІШ

____________________________________________________________________

(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.

Тұратын жері _______________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат: түрі __________, сериясы ___________,

№ ______________, кім берді _______________ қашан берді ____________

Банктік шоты (бар болса) ___________________________________________

(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беремін

____________ ____________________________________

(қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш 20__ жылғы ______________________________ қарауға қабылданды.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(лицензиардың жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Нысан

Кімге ______________________________________________________________                        (лицензиардың толық атауы)

кімнен _____________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

 ӨТІНІШ

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.

Мекенжайы __________________________________________________________

____________________________________________________________________  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)

Банктік шоты _______________________________________________________  (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

Филиалдары (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) __________

____________________________________________________________________

(орналасқан жері және деректемелері)

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беремін

Басшы ____________ ____________________________________

(қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________