ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

2020 жылдың 13-15 мамыр күндері, сағат 09.00-18.00 уақыт аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыптарында интернет-конференция өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін dialog.egov.kz веб-порталына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін  таңдап, жоғарыда аталған тақырыпты тауып, «Сұрақ қою» батырмасын басу қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *