Қызметшілердің әлеуметтік-баспана жағдайларының жақсаруына үміті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің пилоттық жобасы аясында қызметшілердің әлеуметтік қолдау шараларын жақсарту әлеуметтік қамсыздандыруда өз әсерін тигізеді.

Мәселен,  Е.Сейдалиев пен А.Раева  мемлекеттік қызмет саласында 5 жылдан жоғары қызмет атқарады,  олардың алдыңғы жалақысы 90 мың теңгені құрайтын. Ал қазіргі уақытта жаңа материалдық мүмкіндіктер арқасында, бұл қызметшілердің жалақысы 210 мың теңгені құрап отыр.

Бұл қызметшілердің алдыңғы жалақыға қарағанда, қазіргі жалақымен өзіне ең тиімді мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуды жоспарлауға  мүмкіндіктері бар.

Әлеуметтік- баспана жағдайын жақсарту қызметшілерге жұмысқа деген ынтасын жақсартуға, бастамашылдыққа және жедел тапсырмаларды шешуде дербестігін артыруға, кәсіби дамуына және  жетілуіне ынталандыруға жігерлендіреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *