ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» басқармасының әскери қызметшілері арасында семинар өтті

Іс-шараның мақсаты шекарашыларды мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың өзгерістерімен таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ерекшеліктерін және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың негізгі бағыттарын түсіндіру болып табылады.

Семинарға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалармен және олардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды.

«Мемлекеттік органдардағы әрбір қызметкер республиканың Заңдарын басшылыққа алуы, нормативтік-құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы және сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы тұра білуі тиіс» – деді Ж.Әлжанова.

Семинар соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жалпы халықтық сипатқа ие болуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің әріптестік қағидаттарына, адамгершілік бастаулары мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларына негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *