Февраль 22, 2017

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

 «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары);

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорациясыны құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – он жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорациясында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршының немесе қорғаншының жәрдемақы тағайындау үшін өтініші;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

4) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;

6) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;

7) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттар.

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

2) қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің электрондық көшірмесі;

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

4) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) электрондық көшірмелері;

5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың электрондық көшірмесі;

6) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы құжаттардың электрондық көшірмелері.


 

2-қосымша

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға   
жетім баланы (жетім балаларды) және  
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
(балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы  
тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына         
             

Жәрдемақы тағайындау үшін қамқоршының немесе
қорғаншының өтініші

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды)
асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауды сұраймын _______________________
_____________________________________________________________________
(баланың (балалардың) Т.А.Ә.(бар болғанда), туған жылы)
Қорғаншының немесе қамқоршының
Тегі ________________________________________________________________
Аты ___________ Әкесінің аты (бар болғанда)__________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы органның 20___ жылғы
«___»
______________________________________________________________ шешімі
Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
_____________________________________________________________________
Сериясы ____________ нөмірі ______________ кім берді ________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
дербес шотының № _____________ Банктің атауы ________________________
Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күн ішінде ол туралы
міндетті түрде хабарлаймын.
Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған заңды құпиясымен қорғалатын
мәліметтерді қолдануға келісемін.
20__ жылғы «___» _____________ ______________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы «___» __________________
____________ ________________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), қызметі)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(кесу сызығы)
Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күн ішінде ол туралы
міндетті түрде хабарлаймын.
Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.

Азамат (ша) ___________________ өтініші, 20__ жылғы «___» ______________ қосымша құжаттарымен _______________ дана қабылданды.
____________________________________________________________________

(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болғанда), қызметі)