Февраль 21, 2017

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

 «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығы)

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттарды тапсырған кезден бастап:

көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияға – 1 (бір) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – күнтізбелік 15 (он бес) күні (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қайтыс болғанын тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі – өтініш);

2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;

3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі;

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда);

6) сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;

7) қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (бар болса);

8) қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.

 

Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) қайтыс болғанын тіркеу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама;

3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;

4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.


 

1-қосымша    

 

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде  

азаматтық хал актілерінің жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына          
            

 

Нысан

______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел №. _______________________________

 

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуіңізді сұраймын _____________________
_____________________________________________________________________
(қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,
_____________________________________________________________________
қайтыс болған адамның туған күні,
_____________________________________________________________________
қайтыс болған адамның соңғы тұрған жері,
_____________________________________________________________________
қайтыс болған адамның отбасылық жағдайы,
_____________________________________________________________________
қайтыс болған адамның қайтыс болған күні,
_____________________________________________________________________
қайтыс болған адамның өлімінің себебі)

Өтінішке қоса беремін _______________________________________________

20___ жылғы «____»_____________            Қолы _____________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
20__ жылы «___» _____________
(қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін
20___жылғы «_____»_____________        _____________________
(қолы)

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

Қайтыс болуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін:
20 ___ «____» __________келу керек.

Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә (бар болса):
________________________


 

2-қосымша      

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде 
азаматтық хал актілерінің жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
енгізу» мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет стандартына          
          

 

Нысан

______________________________________
______________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
мекенжайы:
______________________________________
______________________________________
Тел №. _______________________________

 

Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы
(керегінің астын сызу) өтініш

______________ туралы ________ жылғы «___»___№ ________ акт жазбасына
мынадай өзгерістерді, түзетулерді, толықтыруларды ___________________
______________________________________________ енгізуіңізді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1 Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері________________________________________________________
4. Ұлты______________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балаларының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
және туған жері _____________________________________________________
8. Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери міндетке қатысы: әскери борышты немесе әскери борышты емес
(керегінің астын сызу)
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет өткеретін әскери бөлімнің атауы ___________________________
_____________________________________________________________________
11. Өмір сүрген жерлерінің нақты тізбесі және уақыты ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Тергеуде, сот қаралуында болған немесе өтелмеген немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда,
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы мемлекеттік
органдарға тиісті сұрау салуды жіберу үшін, бұл туралы көрсету
13. Бұрын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілді ме
_____________________________________________________________________
14. Өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу
қажеттілігін растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ______________________________ 4) ________________________________
2) ______________________________ 5) ________________________________
3) ______________________________ 6) ________________________________

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің
491-бабына сәйкес жалған мәліметтерді хабарлағаным үшін әкімшілік
жаза қолданылатыны туралы ескертілдім.
__________ «__» ____ __ 20 жыл ________________ қолы
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беремін
__________ «__» ____ __ 20 жыл
(қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

Журнал бойынша № ____

———————————————————————
(қиып алу сызығы – ЖАО үшін)

20____ жылғы «_____» ____________ өзгерістерді, толықтырулар мен
түзетулерді енгізу туралы өтініш қарауға қабылданды
Қарау нәтижелері 20____ жылғы «_____» ___________ хабарланатын болады
Маман _____________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)