Февраль 25, 2017

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 605 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (бұдан әрі – Орталық мұрағат) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Орталық мұрағатқа өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беруге өтініш-сауалнама;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.


 

1-қосымша       

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 
Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық      
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың     
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына            
Нысан

ҚР Қорғанысмині Орталық мұрағатының бастығына

Апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беруге өтініш-сауалнама

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) ______________________
____________________________________________________________________
Сұрау салынатын кезеңдегі лауазымы _________________________________
____________________________________________________________________
Қандай мәліметтерді растау қажет____________________________________
____________________________________________________________________
Қандай мақсаттар үшін ______________________________________________
Қызмет өткерген әскери бөлімдердің нөмірі, орналасқан жері
____________________________________________________________________
Жұмыс істеген кезеңі, келген және кеткен айы, жылы _________________
____________________________________________________________________
Кімге және қандай адресатқа жауап жолдау қажет _____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке қолтаңбасы, күні)