Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық

“Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық
бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою” мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беруді:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорация” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

құжаттарға апостиль қою – көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, құжатқа апостиль қою – көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) апостиль қоюға тиісті құжат;

2) апостиль қою үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

3) жүгінуші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

4) қызметті алушының өкілі шағымғанда нотариалды расталған сенімхат.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қызметті алушының жеке тұлғасын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.

Қызметті берушіге шағымданған кезде, құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсетумен, қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен талон беріледі.

Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды тапсыру, жеке куәлігін көрсетумен (немесе оның өкілі нотариалды расталған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету жағдайында, қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы қарастырылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның өкілі берген нысаны бойынша ақпараттық жүйелердегі құпия заңына жатқызылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация көшірмелерді түпнұсқа құжаттармен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар деректерінің мәліметтерін, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметшісі мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларымен ЭСҚ расталған, электрондық деректер нысанындағы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.