«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығы.)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөлімшелері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтініш берген сәттен бастап – күнтізбелік 10 (он) күн;
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға – тегін көрсетіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Мұрағаттық анықтаманы және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша өтініш ұсынады.