Февраль 24, 2017

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:
рұқсатты беру – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;
қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсат мерзімін ұзарту – 15 (он бес) жұмыс күні;
рұқсаттың телнұсқасын беру – 2 (екі ) жұмыс күні;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
рұқсатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылар паспортының көшірмесі;
су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;
су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметтер;
су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер;
жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
кеменің техникалық сипаттамалары;
кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы бойынша өтініш;
2) порталға:
рұқсатты алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;
су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылар паспортының электрондық көшірмесі;
су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
су обьектілерін су жинау үшін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
су тұтынушылар мен олардың суға деген қажеттіліктері туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
су жинауды есепке алу және жиналатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі, ол электрондық сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса тіркеледі;
жерүсті су объектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
кеменің техникалық сипаттамалары бар құжаттың электрондық көшірмесі;
кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты бар құжаттың электрондық көшірмесі;
кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтері бар құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанда берілген жағдайда):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

1-қосымша  

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің
66-бабының 1-тармағында көрсетілген 
құрылыстарды немесе техникалық   
құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті
суларын жинау және (немесе) пайдалану»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына     

Нысан

Кімге_________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
1) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың немесе заңды тұлға құрмай әрекет ететін жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректері
_____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)

* Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) мекенжайы __________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс)
3) су пайдалануға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда), байланыс телефоны ____________
_____________________________________________________________________
2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдаланудың ахуалдық схемасы осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
3. Су пайдалану мақсаты _______________________________________
4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
5. Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы арнайы су пайдалану рұқсатын беру туралы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
6. Өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен келісу туралы деректер _____________________________________________________________________
(нормалары, келісу уақыты мен мерзімі)
7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімдері:
Су пайдаланудың басталған күні 20 жылғы « »
Су пайдаланудың аяқталған күні 20 жылғы « »
8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелердің алаңдары) _____________
_____________________________________________________________________
9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес қайталама су пайдаланушылар тізбесі (арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға су беруге өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.
10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса) __________________________________________
11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, зертханаларды аккредиттеу саласы және т.б.) ___________________________________________________
12. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті суларын жинаған кезде – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері ___________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, берілген күні)
13. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Қазақстан Республикасы
Су кодексінің 72-бабына сәйкес) _____________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш иесі__________________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »

Өтініш қарауға 20 жылғы « » қабылданды.
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(жеке басын куәландыратын құжатта болғанда))


 

1-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану орындарының АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ

Масштабы _______________________________
(көрсету)

Су жинау орнының (немесе су объектісінің) атауы Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен белгіленген жер учаскесінің алаңы Нүктелер №№ Географиялық координаттар
бойлығы ендігі
градус минут секунд градус минут секунд
_________
гектар

_________
шаршы километр

1
2
3
_________
гектар

_________
шаршы километр

1
2
3
_________
гектар

_________
шаршы километр

1
2
3

Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы ___________________________________________ гектарды (шаршы километр) құрайды.


 

2-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Арнайы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат

р/с № Су нысанының атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар Су көзінің коды* Пайдалану түрі ** (коды)
1
2

Ескертпе:
* теңіз – 10, өзен – 20, кеуіп бара жатқан өзен – 21, көл – 30, тоған су қоймасы – 40, құймалы су қоймасы – 40, магистральды арна – 50, магистральды құбыржол – 55, жерасты суы бар қабат – 60, шахта, кеніш, карьер – 61, тік дренаж ұңғымалары – 62, коллекторлық-дренаждық желі – 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар – 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар – 72, суармалы диқаншылық алаңдары – 80, жинағыштар – 81, жергілікті рельеф – 82, фильтрациялау алаңы – 83, су құбыры желілері – 90, кәріз желілері – 91;
** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – турақты суару, ЛС – лиманды суару, ЖС – жайылымдарды суландыру, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, АШ – арналарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары.


 

3-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі

Арнайы суды пайдалану түрі ___________________________________

р/с № Айлар Текше метр/тәулігіне Текше метр/айына
1 2 3 4
1 Қаңтар
2 Ақпан
3 Наурыз
4 Сәуір
5 Мамыр
6 Маусым
7 Шілде
8 Тамыз
9 Қыркүйек
10 Қазан
11 Қараша
12 Желтоқсан
Барлығы жылына, текше метр/жылына

 

4-қосымша

Арнайы су пайдалануға рұқсат
беру туралы өтінішке 

Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі

р/с№ Суды пайдаланушылардың атауы Су пайдаланушының суды пайдалану мемлекеттік есебінің (СПМЕ) коды (бар болса) Есептік көлемі (текше метр/жылына) Су пайдалану мақсаты Шарттың номері және уақыты (бар болса)
1 2 3 4 5 6
1
2
3
4
Барлығы жылына, текше метр/жылына

 

2-қосымша      

«Қазақстан Республикасы Су кодексінің
66-бабының 1-тармағында көрсетілген 
құрылыстарды немесе техникалық   
құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті
суларын жинау және (немесе) пайдалану»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына 

Нысан

Кімге_________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
Кімнен________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш иесінің
мекенжайы ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)
Өтініш иесінің
деректемелері_________________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
________________________________________________ байланысты сұраймын.
(қысқаша негіздемесі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Өтініш иесі____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болғанда) (қолы)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)
20 жылғы « »