Февраль 25, 2017

«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

            Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 7-қосымша

           

«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау: (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz» www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін алым сомасын төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 2 (екі) жұмыс күні;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (қызмет берушіге күнтізбелік бес күн ішінде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға:

тұлғаны куәландыру құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін алым сомасын төленгендігін растайтын құжат;

2) порталда:

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін алым сомасын төленгендігін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімді ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.


 

 1-қосымша    

 

  «Қазақстан Республикасы      
 ратификациялаған халықаралық     
 шарттарға сәйкес Қазақстан      
 Республикасының          
 тасымалдаушыларына шет мемлекет   
 аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына        
нысан

__________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

   Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар алуға Өтініш

____________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды
тұлғаның атауы)

Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес
тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен
жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік
рұқсаттарды (қажеттісін астын сызу) беруді сұраймын:

Шетелдік рұқсаттардың саны Рұқсат түрі Елдер бойынша орындалатын тасымалдардың түрлері Рұқсат түрі

ЖСН/БСН

__________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
____________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)

Мекенжайы
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________                            ______________
(Т.А.Ә.)                                        (қолы)

М.О.
(болған жағдайда)

20 жылғы «__» өтініш қарауға қабылданды

______________________________________________________________
(Мемлекеттік органдағы жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)


 

 2-қосымша     

 «Қазақстан Республикасы      
 ратификациялаған халықаралық     
 шарттарға сәйкес Қазақстан      
 Республикасының          
 тасымалдаушыларына шет мемлекет     
 аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат  
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына         
нысан

________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда (бұдан әрі – Т.А.Ә), не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

            Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ______ бөлімі ___________________________ «Қазақстан Республикасы ратификациялаған (мекенжайды көрсету) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды
қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас
тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1.___________________________________________________________;

2.___________________________________________________________;

3.___________________________________________________________;

4.___________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ______________                  _______________
(ХҚО қызметкері)                     (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә. _______________    Телефон: _______________

Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

20___жылғы «__» ______________