Февраль 25, 2017

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі  № 95 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) минут;
қосымша тексеру жүргізілген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні;
шетелге шыққан жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кездегі құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру туралы өтініш;
жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариуспен расталған сенімхат;
2) порталға:
қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық сұрауы.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың, тууы туралы куәліктің мәліметтерін қызмет беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде қызмет алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін ұсыну арқылы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады (немесе оның өкіліне нотариуспен бекітілген сенімхат бойынша).
Мемлекеттік корпорация нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, одан кейін қызмет берушіге әрі қарай сақтауға береді. Қызмет алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды қызмет алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Портал арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.


 

1-қосымша  

«Қазақстан Республикасы Бас     
прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі 
комитетінің есептері бойынша тұлғаның
қылмыстық құқық бұзушылық жасауы 
туралы мәліметтердің болуы не болмауы
туралы анықтама беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына  
           

Нысан

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің
______________________________________
(Комитеттің аумақтық басқармасының
атауын көрсету керек)
басқармасының бастығы
______________________________________
(қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда), мекенжайы)

Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беру бойынша
ӨТІНІШ

Сізден Комитеттің есебі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама беруіңізді сұраймын.
_____________________________________________________________________
(анықтаманың түрін көрсету керек, қағаз жүзінде болмаса электрондық                                   түрде)

Өкілеттікті растайтын құжаттың деректемелері: ________

ЖСН және ТАӘ (оның атына анықтама сұралатын жеке тұлғаның)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Қолы
Күні