Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру

“Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру”
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №284 бұйрығы)

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті, Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушімен, “электрондық үкімет” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілмейтін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;

Өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не орнына барып тексеру талап етілетін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау және шешім қабылдау бойынша – көрсетілетін қызметті берушіге өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы жазбаша нысанда не электрондық түрде өтінішті табыс етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы почта ұйымы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші почта хабарламасына белгі қояды.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.