Февраль 22, 2017

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11476 болып тіркелді

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығына 5-қосымша

           

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және
(немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау: (ОҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы)

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 4 (төрт) жұмыс күні;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (қызмет берушіге күнтізбелік он күн ішінде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

тұлғаны куәландыру құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін алым сомасын төленгендігін растайтын құжат;

 

 

порталда:

порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімді ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.


 

 1-қосымша       

 «Қазақстан Республикасының аумағы    
 арқылы ауыр салмақты және (немесе)  
 ірі көлемді көлік құралдарының     
 (шетелдік көліктерді қоса алғанда)   
 жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 Автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік  жүктемелерден асып түскені үшін тарифтер

Р/с
Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен Рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)
1 2 3
1. 5,0%-ға дейін қоса алғанда 0,011
2. 5,0%-тен 10,0%-ға дейін қоса алғанда 0,014
3. 10,0%-тен 20,0%-ға дейін қоса алғанда 0,190
4. 20,0%-тен 30,0%-ға дейін қоса алғанда 0,380
5. 30,0%-тен 50%-ға дейін қоса алғанда 0,500
6. 50%-дан жоғары 1,0

 


 

 2-қосымша  

«Қазақстан Республикасының аумағы  арқылы ауыр

салмақты және (немесе)  ірі көлемді

көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса алғанда) 

жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 

 Автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін тарифтер

Р/с
Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен Рұқсат берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)
1 2 3
1. Биіктігі:  
1.2. 4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда 0,009
1.3. 4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда 0,018
1.4. 5-тен жоғары 0,036
2. Ені:  
2.1. 2,55-тен (изометриялық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда 0,009
2.2. 3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда 0,019
2.3. 3,75-тен жоғары 0,038
3. Ұзындығы:  
3.1. жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда) 0,004

 

 3-қосымша         

 «Қазақстан Республикасының аумағы    
 арқылы ауыр салмақты және (немесе)  
 ірі көлемді көлік құралдарының     
 (шетелдік көліктерді қоса алғанда)   
 жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

 

___________ облысы (қаласы) бойынша кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына

 Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін Өтініш

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________мем.нөмірi ____________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _____ мем.нөмірi ___________
Көлік құралының түрі Изотермиялық шанақтың болуы Әуе немесе оған балама аспаның болуы

Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________

 Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері

Өлшемдерi Нақты Рұқсат етілген Асқаны
Жол бетінен биіктігі, м      
Ені, м      
Автокөлік құралының ұзындығы, м      
Толық салмағы, т      
Тіркеменің толық салмағы, т      
АКҚ-ның дөңгелектік формуласы 1-ось 2-ось 3-ось 4-ось 5-ось 6-ось 7-ось 8-ось 9-ось
                 
Еңістігі                  
Осьтердің ара қашықтығы, м                  
Оське нақты жүктеме, т.с.                  
Оське рұқсат етілген жүктеме, т.с.                  
Асқаны, %                  

Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы ____________________

Қосымша деректер
_____________________________________________________________________
_____________________________________           _____________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)                 (М.О. қолы)

Өтініш беру күнi _____________

Келісуші органның шешімi
____________________________________________
____________________________________________ _______________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (М.О. қолы)

Келісуші органның шешімi ___________________________________
____________________________________________ _______________
(лауазымы, Т.А.Ә.)                     (М.О. қолы)


 

4-қосымша

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді
көлік құралдарының (шетелдік көліктерді қоса
алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

нысан

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда (бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ___________________ «Халықаралық автомобиль тасымалдарын
(мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:
1. ___________________________________________________________;
2. ___________________________________________________________;
3. ___________________________________________________________;
4. ___________________________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. ____________________ ____________
(ХҚО қызметкері)      (қолы)

Орындаушы: Т.А.Ә._______________ Телефон: ________________

Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы 20__ жылғы «___» _________