Февраль 22, 2017

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру

 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы).

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
        
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталға:
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға:

жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) порталға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
сәйкестендіру құжаты;
шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);
мұрагерлік құқық туралы куәлік.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәлеметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы тармағымен көзделген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай мерзім ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.
Портал арқылы өтініш жасалған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен мерзімі (егер қағаз түрінде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетілген хабарландыру жіберіледі.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетілетін кызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

1-қосымша       

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»  
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
нысан
(тарихсыз)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайдың тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
Объектінің санаты:
Категория объекта:
Кадастрлық нөмiр:
Кадастровый номер:
Тiркеу күнi:
Дата регистрации:
Негіздеме құжат:
Документ основание:
Берілген күні:
Дата выдачи:

Нысан
(тарихпен)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы
анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения/области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Өзгертілді:
Изменен на:

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
Объектінің санаты:
Категория объекта:
Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:
Өзгерістерді тiркеу күнi:
Дата регистрации изменения:
Негіздеме құжат:
Документ основание:
Берілген күні:
Дата выдачи:

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы
анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу жекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
Объектінің санаты:
Категория объекта:
Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:
Тiркеу күнi:
Дата регистрации:
Негіздеме құжат:
Документ основание:
Берілген күні:
Дата выдачи:

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлімі)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы
анықтама
Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости

Мекенжай тіркелімі АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектісі / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:
Объектінің санаты:
Категория объекта:
Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:
Жойылу күні:
Дата упразднения:
Негіздеме құжат:
Документ основание:
Берілген күні:
Дата выдачи:

2-қосымша   

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»  
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
Нысан

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас
сәулетшісі ___________________________________
_______________________________________________
(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенімхат)
________________________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес
сәйкестендіру нөмірі (БСН) мекенжайы
________________________________________________
(заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері)
байланыстары____________________________________
(электрондық мекенжайы, тел.)

Өтініш

_____________________________________________________________________
________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_____________________________________________________________________
(облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
мекенжай(ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) беруді, (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттісінің астын сызыңыз)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20__ жылғы «___» ____________
_____________________
(Қолы)

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

______________________________________________
(Тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)
_______________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ….
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә.                                             (қолы)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
Телефоны:___________________
Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ жылғы «___» _________