Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлiністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай;

 

Мемлекеттiк қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызметті көрсету кезінде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнің (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж алынады, ол мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінiң 100 пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін:
ерікті нысандағы азаматтыққа қабылдау туралы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
өмірбаян;
3,5 х 4,5 см форматында төрт фото сурет;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;
соттылығының бар не жоғы туралы анықтама;
мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы анықтама;
басқа мемлекеттік құзыретті органы берген бұрынғы азаматтықтың болмауы немесе тоқтатылуы туралы анықтама.
Санамаланған құжаттармен қатар:
туу туралы куәлік және өтініш иесінің азаматтықты қайта қалпына келтіру туралы өтінішке – Қазақстанның азаматтығына бұрын тиесілігін куәландыратын құжат;
бейінді мемлекеттік органнның өтінішхаты – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 6-қосымшаға сәйкес кәсіптің тізбе талаптарына және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін талаптарға жауап беретін адамдар;
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш және оралманның куәлігі – тарихи отаны ретінде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралған адамдар;
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, Қазақстан Республикасында тұрған мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары – жақын туысқандарының бірі: баласы (оның ішінде асырап алған), жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушының) бірі, әпкесі, қарындасы, сіңлісі, ағасы, інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды – туу туралы куәлік, неке туралы куәлік;
осы оқу орында оқу фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама және жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтардың ұлтын растайтын құжат;
Құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшiн:
еркін нысанда жазылған қазақстандық азаматтықтан шығу туралы арыз;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-арыз;
өмірбаян;
өлшемi 3,5 х 4,5 см үш фотосурет;
балалардың туу туралы және неке куәліктерінің көшірмелері;
әскерге шақырылатын жастағы адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ – аумақтық атқарушылық іс жүргізу органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделерiне байланысты мүлiктiк мiндеттерiнiң болуы немесе жоқ екенi туралы анықтама;
осы адамдардың материалдық және басқа да шағымдарының жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші (Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе оның асырауындағы адамдар бар болса);
мемлекеттiк бажды төлегенi немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.


 

1-қосымша             

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»      
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
   

нысан

Фотосуреттің
орны

Место для фотографии

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы
№ _____анықтама
Справка о приеме в гражданство Республики Казахстан
№ _____

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу үшін берілді.
Выдана для получения удостоверения личности (паспорта) гражданина Республики Казахстан.
Тегі_________________________________________________________________
Фамилия
Аты__________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған күні___________________________________________________________
Дата рождения
20____ жылғы «____» ___________ № ______ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, международным Соглашением, со статьей 16-1 Закона РК «О гражданстве Республики Казахстан» № ______ «____» _________ 20___ года принят в гражданство Республики Казахстан.
Онымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына:
_______________________________________________________
_______________________________________________________ балалар қабылданды
Вместе с ним (ней) приняты в гражданство Республики Казахстан дети:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

ІІД КҚПБ бастығы ___________________
Начальник УМП ДВД (қолы-подпись)

М.О.
М.П.

№ _____ анықтаманың түбіртегі
Корешок справки № _____

Тегі_________________________________________________________________
Фамилия
Аты__________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар
болса)_______________________________________________________________
Отчество (при наличии)
Туылған күні_________________________________________________________
Дата рождения
Бұрыңғы азаматтығы___________________________________________________
Прежнее гражданство
20___ жылғы «___» _________ № _____ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, международным Соглашением, со статьей 16-1 Закона РК «О гражданстве Республики Казахстан» № ___ «___» _________20___ года принят в гражданство Республики Казахстан.

_____________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); специальное звание, должность, фамилия, имя, отчество (при наличии)) _____________________________
(қолы-подпись)

Хабарламаны алдым, шетелдік паспортты тапсырдым _____________________
Извещение получил, иностранный паспорт сдал        (қолы-подпись)

20___жылғы «____» ___________
«____» ____________ 20___год

М.О.
М.П.


 

2-қосымша    

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

20___жылғы «___» _________
№ ________

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама
Справка о выходе из гражданства Республики Казахстан

Выдана ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ берілді.
(туған жылы – год рождения)
Қазақстан Республикасы Президентінің 20___ жылғы «___» __________ Жарлығына сәйкес оған және оның кәмелетке толмаған балаларына:
В том, что ему (ей) и его (ее) несовершеннолетним детям:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуларына рұқсат берілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан № _____ «___» __________ 20___ года разрешен выход из гражданства Республики Казахстан.

______________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________ области

М.О.
М.П.


 

3-қосымша      

«Қазақстан Республикасының азаматтығын

алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

____________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан,
қалпына келтіруден және шығарудан бас тарту туралы
анықтама

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Көші-қон полициясы басқармасы (бөлімі) ______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________бас тартады.
Бас тарту негіздері көрсетіледі

Осы тілхат 2 данада жасалды, әр тарапқа біреуден.

___________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________ области

М.О.

_____________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауызымы, лауазымды адамның тегі, аты-жөні)
_________________________
(лауазымды адамның қолы)

Алдым: Т.А.Ә./өтініш берушінің қолы__________________________________

20__ жылғы «___» _________


 

4-қосымша      

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
        

Нысан

__________________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
__________________________________________________
Тіркеу нөмірі ____________________________________
(лауазымды адам толтырады)

М.О.1 Фотосуреттің орны2

Сауалнама-өтініш3

Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді сұраймын (керексізін сызып тастаңыз).

Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен жері, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын4
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, тұрғылықты жері)

____________________________
1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр төрт сурет қоса беріледі.
2Аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің елтаңбалы мөрі қойылады.
3Өтініш қолмен немесе қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз толтырылады. Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
4Егер жұбайлар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мәселесі бойынша бір уақытта жүгінсе, балалары ата-анасының бірінің өтінішіне жазылады.

Өтініш беруші туралы мәлімет

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда
    бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
    өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)
    2. Туған күні, айы, жылы мен жері ___________________________________
    3. Жынысы ___________________________________________________________
    (еркек, әйел)
  2. Қазіргі уақытта қай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
    _____________________________________________________________________
    (қайда, қашан және қандай негізде алынды және айырылды)
    5. Бұрын КСРО азаматтығында тұрдыңыз ба? ____________________________
    _____________________________________________________________________
    (егер иә болса, онда оны тоқтату негізі және күні, көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
    6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе?__________________________________________________________________
    (егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)
    7. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме5
    _____________________________________________________________________
    (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
    8. Ұлты _____________________________________________________________
    9. Діни нанымы ______________________________________________________
    (қалауы бойынша көрсетіледі)
    10. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі ____________________
    _____________________________________________________________________
    (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
    11. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
    (диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)
    12. Отбасы жағдайы __________________________________________________
    (үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан)
    _____________________________________________________________________
    (неке (ажырасу) туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
    13. Жақын туыстары (күйеуі (әйелі), ата-анасы, балалары, ағасы-інісі, сіңілісі-қарындасы)
Туыстық дәрежесі Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған жылы мен жері Азаматтығы Тұратын елі мен мекенжайы Жұмыс, оқу орны
  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы бар еңбекке жарамсыз ата-анасының бар-жоғы
    _____________________________________________________________________
    (еңбекке жарамсыз ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат)
    _____________________________________________________________________
    15. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі (жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын, әскери қызметті қоса алғанда)6
Күні (айы және жылы)

қабылдау-босату

Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсете отырып лауазымы Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елді мекен)
  1. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығындағы өмір сүрудің қаражат көзі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрған кезеңдегі барлық қолда бар табыс түрлерін көрсетіңіз).6
Кіріс түрі Кірістің мөлшері (теңгеде, шетелдік валютада)
1 Негізгі жұмыс орыны бойынша кіріс
2 Басқа әрекеттен кіріс
3 Банктерге және басқа несие ұымдардағы салымдардан
4 Бағалы қағаздардан және коммерциялық ұйымдарға қатысудың бөлігінен
5 Зейнетақылар, стипендиялар және басқа арнайы төлемдер не кірістер (қайндайлары көрсетілсін)
  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда) __________________
    18. Қазақ (орыс) тілін білесіз бе? __________________________________
    _____________________________________________________________________
    (мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орыны)
    19. Әскери міндетке қатысы __________________________________________
    (әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)
    20. Тұруға ықтиярхатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру7
    _____________________________________________________________________
    (қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)
    Тұрақты тұрған кезеңде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу
Кету Келу
Келген елі Сапардың мақсаты Күні Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі Кеткен елі Күні Шекараны кесіп өткен жері мен көлік түрі
  1. Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ерекше мәртебенің (оралман мәртебесі, босқын деп тану) бар-жоғы________________________
    _____________________________________________________________________
    (куәлік түрі, оның нөмірі, алған күні, оны берген органның атауы)
    22. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығарылдыңыз ба?______________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    (егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы қаулының нөмірі мен күні)
    23. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңыз ба?)________
    _____________________________________________________________________
    (егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)
    24. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба ________________________
    _____________________________________________________________________
    (егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша, сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)
    25. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ___________________________
    (иә, жоқ)
    26. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны __________________________________
    27. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________________
    (құжат нөмірі, қашан және кім берді)
    Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын
    ____________________________             ____________________________
    (өтініш берілген күн)                       (өтініш берушінің қолы)

Өтініш «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның _________
негізінде __________________ қарауға қабылданды.
(бабы, бөлігі, тармағы)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.
_____________________________________________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің лауазымды адамының арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні)

_____________________________
(лауазымды адамның қолы)
Бастық
_____________________________________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
________________________________ ____________ _______________________
(арнайы атағы)                       (қолы)      (тегі, аты-жөні)

____________________________
5Егер өзге азаматтық Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаны салдарынан тоқтатылса, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап үш ай ішінде тиісті құжат ұсыну міндеттемесі беріледі.
6Осы тармақты толтырған кезде кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауын өтініш беруші онда жұмыс істеген кезеңде қалай аталса, солай көрсету қажет. Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, тіркеу туралы куәлік нөмірі, тіркеген органның атауы мен берілген орны көрсетіледі. Әскери қызмет өткерген жағдайда лауазымын, әскери бөлімнің (мекеменің) нөмірін, оның орналасқан жерін көрсету қажет.
7Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақының түрін, куәліктің нөмірін, оны кім және қашан бергенін көрсету қажет.


 

5-қосымша         

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

Міндеттеме

Мен _________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын сақтауға, оның мүдделері мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге және аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.

20 ___ жылғы «____» __________
_________________________
(қолы)

Обязательство

Я,__________________________________________________________________,
ходатайствуя о приеме в гражданство Республики Казахстан, обязуюсь соблюдать Конституцию и Законы Республики Казахстан, защищать ее интересы и территориальную целостность, уважительно относиться к обычаям, традициям, государственному языку и языку представителей всех национальностей, проживающих на ее территории, способствовать укреплению могущества, суверенитета и независимости Республики Казахстан.

«___»__________20___год
_____________________
(подпись)


 

6-қосымша         

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»   
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
жеңілдетілген тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін кәсiптердiң
және оларға қойылатын талаптардың
ТІЗБЕСІ

Р/с
Кәсiп Талаптар
1 2 3
1. Әртiс Халықаралық наградалармен және атақтармен атап өтілген аса көрнекті музыкалық, сахналық немесе хореографиялық қабілетiнiң, кәсiптiк шеберлiгiнiң және жарқын шығармашылық жеке даралығының болуы
2. Археолог Ғылыми дәрежесiнiң және атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми зерттеулері мен iзденiстерiнiң, ғылыми басылымдарда жарияланымдарының болуы, халықаралық конференцияларға және әлемдiк маңызы бар iрi археологиялық ескерткiштердiң ашылуына қатысуы
3. Сәулетші Сәулет және құрылыс саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, қала құрылысының бас жоспарларын әзiрлеуде және айрықша iрi әрi күрделi объектілердi жобалауда тәжiрибесiнiң болуы
4. Балетмейстер Аса көрнектi балет әртiстерiн даярлауда тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және iрi театрлардағы жұмыс өтiлiнiң болуы, әлемдiк сыныптағы спектакльдердi дайындауға қатысуы
5. Биолог, микробиолог (бактериолог, вирусолог) Биология, бактериология, вирусология, гендiк инженерия және басқа да аралас ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң болуы
6. Дәрiгер Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:
акушерлiк және гинекология; ангиохирургия; анестезиология-реаниматология;
кардиохирургия; нейрохирургия; онкология; онкогематология; оториноларингология; радиология; трансплантология; фармакология және клиникалық фармакология; жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң озық әдiстерiн меңгеруi
7. Геолог, геофизик Геологиялық және геофизикалық ғылымдар саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң, ядролық жарылыстар және жер сілкiнiстерi мониторингi саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы
8. Дирижер Аса көрнектi музыкалық деректерiнiң және халықаралық конкурстарға қатысқанын растайтын дипломдарының, әлемнiң жетекшi театрлары мен концерт залдарында дирижерлық еткен жұмыс тәжiрибесiнiң болуы
9. Инженер Ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ экономикалық қызмет түрiне сәйкес: сейсмологиялық құбылыстарды орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi болжау әдiстерiн меңгеруi; қуатты энергетикалық және жоғары температурадағы плазма қондырғыларын пайдалану; ғылым және техника, рационализация, өнертапқыштық жетiстiктерiн енгiзу; қоршаған ортаны тазарту және оның ластануын болдырмау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк жұмыстарды әзiрлеу;
ядролық реакторларды пайдалану, реакторды (жылдамдатқышты, ядролық-физикалық қондырғыны) басқару; ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар; озық бағдарламалық қамтамасыз етудi және қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтарды әзiрлеу; информатика және жүйелiк бағдарламалау; ғарыш қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды әзiрлеу; зымырандар мен ғарыш аппараттарының, ғарыштық ұшу аппараттары мен екпiндеткiш блоктарының бастапқы және техникалық кешендерiн әзiрлеу және пайдалану; телеметриялық жүйелер мен кешендер, компьютерлiк өлшеу блоктары; өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердiң құрылысына арналған технологиялық жобалау; ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына прогрессивтi технологиялық процестердi енгiзу; субстанциялар мен дәрілiк нысандар өндiрiсi жөнiндегi арнайы, осы заманғы фармацевтiк жабдықтардағы фармацевтикалық бейiн; дәрілiк нысандар мен препараттарды биофармацевтикалық зерделеу; дәрілiк субстанциялар мен фитопрепараттар өндiрудiң технологиялық негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу; жүйелi бағдарламалау; жоғары деңгейдегi бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу
10. Нұсқаушы-спортшы Олимпиада ойындарында бiрiншi–алтыншы орынды немесе әлем чемпионаттарында бiрiншiден үшiншi орынды немесе Азия ойындарында бiрiншi орынды немесе Еуропа чемпионаттарында бiрiншi, екiншi орынды немесе спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем кубогі финалдарында бiрiншi орынды немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер мен юниорлар ойындарында бiрiншi-үшiншi орынды иемденген халықаралық бiлiктілiгi бар спорт шеберiнен төмен емес спорттық атағының болуы
11. Ұшқыш (пилот) Азаматтық әуе кемелерiне рұқсаты бар ұшқыш (пилот) куәлiгiнiң болуы. Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдаланылуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi
12. Ұшқыш-нұсқаушы Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстігiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілердi бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестiгi
13. Ұшқыш-сынаушы Жоғары кәсiптiк шеберлiгi мен даярлығы, әуе кеңiстiгiнiң қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді бiлуi, кеменiң ұшу және пайдалану ережелерiн сақтауы. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi
14. Ұшқыш-қадағалаушы Арнайы даярлығы, орман қорғау саласындағы жұмыс тәжiрибесiнiң, пирология және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi бiлiмiнiң болуы
15. Математик Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының, жұмыс тәжiрибесiнiң, математика, қолданбалы математика және аралас ғылымдар саласындағы халықаралық маңызды ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы
16. Ғылыми қызметкер (физика және астрономия саласында) Мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi мен атағының, жұмыс тәжiрибесiнiң, физика мен астрономия және басқа да аралас қызмет түрлерi саласындағы өнертапқыштық немесе ғылыми еңбектерiне авторлық куәлiктерiнiң болуы
17. Провизор Фармакологиялық заттар мен дәрілік шикiзаттың физикалық және химиялық қасиеттерiн, оларды aлу, тазалау, стандарттау және сапасын бақылау әдiстерi саласындағы аса көрнектi ғылыми зерттеулерiнiң болуы. Фармаэкономика жөнiндегi зерттеулердiң, медицина мен фармацевтика саласындағы мамандарды халықаралық стандарттар бойынша инспекциялаудың және оқытудың озық әдiстерiн меңгеруi (GPP, GCP, GMP, GLP, GDP)
18. Режиссер Аса көрнектi қойылым қою деректерiнiң, халықаралық фестивальдарға қатысқанын растайтын атақтары мен дипломдарының, әлемнiң iрi театрлары мен концерт залдарындағы жұмыс тәжiрибесiнiң болуы
19. Құтқарушы Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлығының, «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» үлгiсiндегi білiктілiк берiлген халықаралық сертификаттарының, iрi авариялық және төтенше жағдайлардың салдарын жоюдағы жұмыс тәжiрибесiнiң, авариялық құтқару құралдарын қолдану жөнiндегi дағдысы мен шеберлiгiнiң болуы
20. Жаттықтырушы Халықаралық бiлiктілiктегi спорт шеберiнен кем емес спорттық атағының, мамандығы бойынша жұмыс өтілiнiң Олимпиадалық ойындарда бiрiншi–алтыншы орынды иемденген жоғары білiктi кемiнде бiр спортшыны немесе Азия ойындарында бiрiнші – үшiншi орынды иемденген бiр спортшыны немесе әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында, бүкілдүниежүзілiк универсиадаларда, Бүкiлдүниежүзілiк жасөспiрiмдер ойындарында, спорттың жеке немесе ойын түрлерiнде бiрiншi–үшiншi орынды иемденген спортшыны даярлау жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiнiң болуы
21. Мұғалiм Мамандығы бойынша жоғары санаты мен жұмыс тәжiрибесiнiң, халықаралық сертификаттарының және мынадай мамандықтар бойынша тиiстi жоғары кәсiптiк білiмiнiң болуы: математика, физика, химия, биология, ағылшын тiлi, информатика, жалпы тарих; мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiн меңгеруi, шет тілдерді еркiн меңгеруi
22. Химик Ғылыми дәрежесi мен атағының, халықаралық сертификаттарының мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң, химия, токсикология және аралас ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерi мен iзденiстерiнiң болуы
23. Суретшi Кәсіптiк білімiнің, жоғары көркем өнер шығармаларының, халықаралық наградалары мен атақтарының, өнертанушылардан шығармашылық мiнездемесiнiң болуы; халықаралық көрмелерге, симпозиумдар мен конкурстарға қатысуы
24. Штурман
(авиацияда)
Жоғары кәсiптiк даярлығы мен навигация және ұшу аппаратын жауынгерлiк қолдану жөнiндегi шеберлiгi;
әуе кеңiстiгiн қауiпсiз пайдалануды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi білуi. Денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгi

 

7-қосымша    

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
нысан

Құжаттарды тапсырғаны туралы № _________ анықтама
Справка о сдаче документов № _________

_______________ азаматының № ____________________ паспортына берілді
Выдана к паспорту № ________________ гражданина _____________________
Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
20___жылғы «___» __________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно «___» __________20___года подал (а) ходатайство о приобретении либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _______________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________ өтініш берді.

_______________________________________ облысы ІІД КҚПБ бастығы
Начальник УМП ДВД ___________________________________________

М.О.
М.П.

№ _______ анықтама түбіртегі
Корешок справки № _______

Тегі ________________________________________________________________
Фамилия
Аты _________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________
Отчество (при наличии)
Туған жылы __________________________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының № _______________________________________________________
№ ___________________________________________________ паспорта
20__ жылғы «___» __________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно «___» __________ 20____ года подал (а) ходатайство о приобретении либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _______________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ өтініш берді.

____________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); специальное звание, должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))

_____________________________
(қолы – подпись)

Анықтаманы алдым ______________________________________________
Справку получил (а)            (қолы – подпись)

20__ жылғы «___» ___________

М.О.
М.П.


 

8-қосымша        

«Қазақстан Республикасының азаматтығын
ауды және одан шығуды тiркеу»    
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
     

нысан

_______________________________________________
(аумақтық көші-қон полициясы бөлінісінің атауы)
_______________________________________________
Тіркеу нөмірі _________________________________
(лауазымды адам толтырады)

М.О.1 Фотосуреттің орны2

Сауалнама-өтініш3

Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер _________________________

Біруақытта өзіммен бірге кәмелетке толмаған балаларымды (балам, қызым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жылы, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын

Көрсетілген балалардың басқа ата-аналары туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болса, сақтайды ма, жоқ па соны көрсетсін)

Өтініш беруші туралы мәліметтер

  1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), _____________________________
    _____________________________________________________________________
    (тектері, аттары, әкесінің аттары (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты,
    әкесінің аты (бар болса) себебі және өзгерген күні көрсетілсін)
    2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________
    _____________________________________________________________________
    3. Жынысы (еркек, әйел) _____________________________________________
    4. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
    (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес), ажырасқан, неке (ажырасқаны) туралы куәлік,
    берілген күні және орны)
    _____________________________________________________________________
    5. Ұлты _____________________________________________________________
    (тілегі бойынша көрсетіледі)
    6. Діні _____________________________________________________________
    (тілегі бойынша көрсетіледі)
    7. Білімі, білімі бойынша мамандығы, кәсібі _________________________
    _____________________________________________________________________
    (қандай оқу орнын қашан және қайда бітірді, диплом нөмірі, берілген күні және орны)
    8. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ____________________________________
    (диплом нөмірі, берілген күні және орны)
    9. Соңғы бес жылдағы еңбек қызметі
Күні (айы және жылы) Жұмыс орны және лауазымы Жұмыс орнының мекенжайы
қабылданды босатылды
  1. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген салықтарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер бар ма ___________________________
    (иә, жоқ)
    11. Әскери міндеттілікке қатысы _____________________________________
    _____________________________________________________________________
    (әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери қызметтен өтсе, қашан, қайда, әскер түрі,
    әскери атағы көрсетілсін)
    12. Қазақастан Республикасының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылдыңыз ба? __________________________
    (иә, жоқ)
    13. Сізге қатысты заңды күшіне енген және орындауға жататын айыптау сот үкімі бар ма? __________________________________________(иә, жоқ)
    14. Көрсетілген өтініште Сіздің және Сіздің балаларыңыздың өзге азаматтығы бар ма?
    _____________________________________________________________________
    (иә болса, қандай, қашан және қандай негізде құжат алынды, оның нөмірі, күні және берілген орны;
    өзге азаматтығы болмаған кезде – оны алу мүмкіндігін растау)
    15. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрды ма? _______________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    (егер иә болса, қандай мекенжай бойынша тіркелгені көрсетілсін, қашан және қандай құжат бойынша Қазақстаннан кетті)
    16. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығарылдыңыз ба? (ұсынылған құжатқа сәйкес) _________________________
    17. Тұрғылықты жердің мекенжайы, телефоны ___________________________
    _____________________________________________________________________
    18. Жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының азаматтығы __________________________________________________________
    (түрі, сериясы, нөмірі, кім және қашан берілген)
    Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Маған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның22-бабына сәйкес жалған құжаттардың және көрнеу жалған мәліметтердің негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім жойылуға жататыны ескертілді.
    Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
    Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.

_______________________                      ________________________
(өтініш берген күн)                          (өтініш берушінің қолы)

Өтініш қарауға «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның негізінде ____________________________________________________ қабылданды          (бап, бөлім, тармақ) (күні)

Өтінішті толтырудың дұрыстығы және қажетті құжаттардың бар болуын тексерді; өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.4____________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

________________________
(лауазымды адамның қолы)

___________________________________________________
1Өтінішке өлшемі 3,5 х 4,5 см төрт сурет беріледі.
2Мөр қойылады.
3Өтініш өз қолымен қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз жазылады. Сұрақтарға жауаптар толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
4“Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” Заң бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда өтініш берушінің қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады.