Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан аспайды;

 

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:
            1) азаматтарды үй иеснің өтініші бойынша тіркеуден шығару кезінде:

– тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

– жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық мінеземелер (меншік құқығын растау үшін) туралы анықтама;

– тіркеуден шығаруға жататын азаматтардың айқындамалық деректерін көрсете отырып, еркін нысанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтініші;

2) паспорт, туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі балаларға) – жеке басты сәйкестендіру үшін; жеке куәлік (көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін) – республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға;

3) ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсат беру туралы анықтамасы (республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығатын адамдарға);

4) сот үкімі (бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға);

5) тұрғын үй жайды пайдалану құқығынан айыру туралы сот шешімі (сот шешімі бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде).

Мемлекеттік қызмет республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға келген, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айырылған сотталғандар, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқынан айырылған деп танылғандар, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетіледі.