Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

“Азаматтар үшін үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

“электрондық үкіметтің” www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минут ішінде;

портал арқылы – 15 (он бес) минут ішінде;

 

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 10 (он) пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:
            Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi;

жұмыс орны бойынша тіркеу үшін ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);

2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк);

республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда:

– азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама;

– шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;

– бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.

3) тұрақты не уақытша тіркелгені үшін мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 546-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);

4) белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау шарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, банк мекемесінің мөрімен куәландырылған жылжымайтын мүліктің кепіл шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сатып алу-сату шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын құжат.

Белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi оның сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

5) қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама, ол жоғалған кезде – қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тіркеу орны бойынша ішкі істер органына бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан адамдарды профилактикалық есепке қоюы туралы белгісі бар анықтама (оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімін өтеу бойынша, не шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар үшін);

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.


 

Қосымша

“Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты жері
бойынша тіркеу” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша

Кімге:

_____________________________

_____________________________

_____________________________

(ішкі істер органының атауы)

Тіркеуге келісім беру

Мен,_________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

_____________________________________________________________________

_____________________________________мекенжайда орналасқан үйдің иесі

(елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер нөмірі)

азамат(ша)___________________________________________________________

(Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)

________________________________________________________________бірге

(әйелі, күйеуі мен балалары)

барлығы_________________________________________________________ адам

________________________________________тіркеуге қоюға қарсы емеспін.

(тұрақты, уақытша қай мерзімге)

_____________________________________________________________________

(облыс, (ел) атауы)

________________________________________________________________келді

аудан, қала, елді мекен, ауыл атауы)

“____”______жылғы жеке куәлік, паспорт №_____________________________

тіркелушінің қолы ___________________________________________________

үй иесінің қолы _______________ тегі_________________________________

(қолы)

__________________ __________________________________________________

(үй иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың № және берілген күні, айы, жылы)

20__ж. “____”____________________