Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдау “Азаматтар үшін үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күнінен бастап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

 

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.  Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 (жиырма) пайызын құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:
            1) еркін түрдегі жазбаша өтiнiш;

2) уақытша жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;

3) құжатты ресімдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет ұсынады.

Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.


 

1-қосымша

“Қазақстан Республикасының азаматтарына
уақытша жеке куәліктер беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 

Нысан

Өтінімді тіркеу талоны

  1. __________________________________________________________________

(ХҚТ ТП орналасқан жері, пункті және коды)

  1. __________________________________________________________________

(анықтама телефонының нөмірі)

  1. __________________________________________________________________

(өтінімді тіркеу талонының нөмірі)

  1. __________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілген қызметтің түрі және тіркеу күні)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә (ол болған жағдайда) және

туған күні)

  1. __________________________________________________________________

(құжат беруге негіз-құжат: түрі, нөмірі, берілген күні, берген орган)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы тапсырыс берген мемлекеттік

көрсетілетін қызмет)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тапсыруға жататын құжаттары)

  1. __________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу күні)