Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы.)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

1) “Азаматтар үшін үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – “электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) Мемлекеттік корпорация;

2) құжаттарды портал арқылы қабылданған кезде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін – 2 (екі) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін – 4 (төрт) жұмыс күніне дейін (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);

 

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетiледi. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 540-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 400 (төрт жүз) пайызын, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 20 (жиырма) пайызын құрайды. Жеделдетілген тәртіппен жеке куәлік және (немесе) паспорт берген кезде мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады. Белгіленген тарифтердің мөлшері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:
            Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:

1) құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 546-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);

2) құжатты ресiмдеген сәтте көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келетiн өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр (ХҚТ ТП тіркеу пункттері болмаған, сондай-ақ ХҚТ ТП байланыс арналары немесе оның құрал-жабдықтары істен шыққан жағдайда қағаз жеткізгіште ресімделген кезде) екі фотосурет.

Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75% жуығын алатындай болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Суретке түсіру кезінде діни не медициналық себептер бойынша басты жабуды қоспағанда, ешқандай бас киім киіп түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда беті иегтің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады, бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді. Көзі ашық және анық көрінуі тиіс, шашпен жабылмауы қажет. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.

“Халықты құжаттандыру және тіркеу” Тіркеу пункті” ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыны фотосуретке түсіру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының фотобейнесі электрондық формулярға фотосуретке түсіру, қолтаңба сканері арқылы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасы енгізіледі.

3) мына құжаттардың бiрi:

туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде) және ата-анасының бірінің жеке куәлігі (баланың азаматтығын растау үшін). Шетелдік ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған кезде, олардың бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және ата-анасының екеуі бірдей осы кезде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған кезде) нотариалды түрде куәландырылған келісім-өтінішін ұсыну қажет;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін жоғалтқан кезде);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгін ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан не оны бiрiншi рет алған кезде);

iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi берген қайтып оралуға арналған куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде);

еркін нысандағы жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағыштар арқылы алу кезiнде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар беруге формуляр толтыруды жүргізеді.

Құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға беру күнін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны беріледі.

Құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыларға паспорттар, жеке куәліктер беру көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны, сондай-ақ паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалту, олардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы, некесін қиюына (бұзуына) байланысты тегін өзгерту, одан әрі қолдануға жарамсыздығы, құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түр өзгерісіне, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет алуына байланысты нақты болатын орны бойынша жүзеге асырылады.

Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушы немесе өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып оның заңды өкілі не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация жеке куәлікті және (немесе) паспортты оның дайындалған күнінен бастап бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге оны жою үшін береді.

Портал арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабиетіне” паспорты және (немесе) жеке куәлікті дайындағаны туралы хабарламаның негізінде көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша келісімін алады.

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу;

2) графикалық файл түріндегі өлшемі 3,4х4,5 сантиметр цифрлық фотосурет;

3) графикалық файл түрінде сканерленген нұсқадағы 7х2 сантиметр форматтағы жеке қолы.

Көрсетілетін қызметті берушінің “жеке кабинетіне” мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жолданады.


1-қосымша

“Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәліктер беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 

 

      Нысан

Өтінімді тіркеу талоны

  1. __________________________________________________________________

(ХҚТ ТП орналасқан жері, пункті және коды)

  1. __________________________________________________________________

(анықтама телефонының нөмірі)

  1. __________________________________________________________________

(өтінімді тіркеу талонының нөмірі)

  1. __________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілген қызметтің түрі және тіркеу күні)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және

туған күні)

  1. __________________________________________________________________

(құжат беруге негіз-құжат: түрі, нөмірі, берілген күні, берген орган)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушы тапсырыс берген мемлекеттік

көрсетілетін қызмет)

  1. __________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тапсыруға жататын құжаттары)

  1. __________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу күні)


 

2-қосымша

“Қазақстан Республикасының азаматтарына
паспорттар, жеке куәліктер беру” мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына 
Кімге: _____________________________      Нысан

(уәкілетті органның атауы)

Мекенжай бойынша тұрақты тіркелген

____________________________________

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

____________________________________

Өтініш

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  20 ___ ж. “______” ___________
__________________________қолы