Февраль 25, 2017

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу

«Құжаттандыру» саласында көрсетілетін қызметтер

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығы)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.

Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: келісетін органдардың оң қорытындысымен бірге көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауы – 22 күнтізбелік күн;

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушыны әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін), Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығару не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы шешімді беру – 7 күнтізбелік күн;

3-кезең: хабарлама түрінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – 1 күнтізбелік күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 100 пайызды құрайды.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

1 – кезең:

1) өтiнiш-сауалнама осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгi, паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жасына қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді;

3) шығатын адамдардан заң бойынша алименттер алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бiрлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екенi туралы нотариалды куәландырылған өтiнiш. Көрсетілетін қызметті алушы қандай да бiр себептермен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртiбiнде шешiледi;

4) қамқоршылық және қорғаншылық органдарының шығу туралы шешiм қабылдау кезiнде он жасқа толған баланың пiкiрiн ата-анасының не өзге де заңды өкiлдердiң есепке алуы туралы қорытынды;

5) 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге тұрақты тұрғылықты тұруға шығуы кезiнде – Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсiнiң нотариалды куәландырылған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуi мүмкiн;

6) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, растайтын құжаттың көшiрмесі.

7) көрсетілетін қызметті алушының өтiнiшi бойынша осы тармақтың 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тiркеуi жоқ екенi туралы ақпаратты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк деректер базасының мәлiметтерi негiзiнде көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады;

барлық құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлеуді растайтын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік корпорация қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

2 – кезең:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде есептен:

әскери есептен және әскери билетті тапсыруға (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін);

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын орны бойынша тіркеуден шығу үшін жолдама береді.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери есептен шығару және әскери билетті тапсыру (Қазақстан Республикасының әскери міндеттілер азаматтары үшін) үшін жергілікті әскери басқару органына жүгінеді.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорация қызметкеріне екі жұмыс күні ішінде әскери есептен шығарылғаны және әскери билеттi тапсырғаны туралы анықтама ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

3 – кезең:

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүзеге асырады.


 

 

 

 

 

1-қосымша     

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

нысан

Мемлекеттік органның бланкісі

Хабарлама ____________________ тұрақты тұрғылықты жерге шығуына
құжаттарды ресімдеуіне байланысты азамат (ша) _______________________
(шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
көрсетілсін)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша 201___
жылғы «   »___________ тіркеуден шығарылғанын хабарлаймын.
Онымен бірге балалары: ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін)
барады.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері
бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 3 ай ішінде жүзеге
асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін
жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған
жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон полициясы
бөлінісі лауазымды адамының қолы)

М.О.

Орындаушы: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Телефоны __________
Алдым: ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін
қызметті алушының қолы)

20__ жылғы «___» _________


 

2-қосымша    

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына  

нысан

САУАЛНАМА–ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) болса, оларды
көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
туған күні, айы, жылы және жері
_____________________________________________________________________
тұрақты тұрғылықты жері)
Паспорт № _______ ___________________ 20 ж. __________
Жеке куәлік № _____________ 20 ж. ____________________
ЖСН __________________________________________________
Ұлты _________________________________________________
Телефондары: үй. ____________ жұмыс ____________ ұялы _______________
Маған_______________________________________________________мекенжайы
(тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы көрсетілсін)

бойынша тіркеуден ала отырып,
_____________________________________________________________________
тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығу үшін құжаттар
ресімдеуді сұраймын.

Біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға
құжаттарды ресімдеуді сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туған күні Паспорт №

ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(ата-анасы, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Туыстық дәрежесі
(егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беру)
Туған жылы мен жері Болған елі және тұрғылықты жерінің мекенжайы Жұмыс орны Неке (лерді) тіркеу орны тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін

Мемлекет соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі (әскері қызметін қоса алғанда)

Түскен және босаған жылы Кәсіпорының, мекеменің атауы Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы Жұмыс орны Лауазымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсаты бар/жоқ, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша

Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: «Халықтың көші-қоны туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы).

20 ____ жылғы              «_____» __________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

20_____ жылғы              «_____» __________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

Сауалнама-өтініш 20 ____ жылғы «______»____________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
(сауалнама-өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)


 

3-қосымша 

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына     

нысан

_____________________________________________
(ішкі істер органдарының атауы көрсетілсін)
азамат (ша)__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
көрсетілсін)
_____________________________________________
(тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы
көрсетілсін)

Өтініш

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге
кетуге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты «Жеке тұлғалар»
Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері негізінде азамат (ша) ____
_____________________________________________________________________
(толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туыстық
байланысы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы ақпаратты
хабарлауды сұраймын.

20____жылғы «______» __________                ______________________
қолы


 

4-қосымша     

«Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 

нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды
қабылдау туралы қолхат

Осы қолхат ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
берілді және «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру
үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан
Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге шығуға арналған
құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Орындаған: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ___________________
Алдым:. _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін
қызметті алушының қолы)

20 ___ жылғы «_____»__________


 

5-қосымша    

Қазақстан Республикасынан тыс 
жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына  

нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы филиалының № ____ бөлімі
_____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін)
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты,
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге
шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _____________________________________;
2) _____________________________________;
3) ______________________________________.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Орындаушы: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны _______________________________

Алдым: ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
қызметті алушының қолы)

20__ жылғы «___» __________________