«ҚАЗАҚСТАН БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА» атты мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасындағы аймақтық пікір-сайыс өтті

2018 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА» атты пікір-сайысқа Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері және М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенттері арасында аймақтық пікір-сайыс өткізілді.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Айбек Ақбергенұлы Шілманов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың басымдылықтарын ескере отырып, Мемлекет басшысы қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады, оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.

Бұл ретте, Агенттікпен республикалық деңгейде барлық мемлекеттік қызметшілердің, сонымен қатар, студенттердің арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбы бойынша пікір-сайыс ұйымдастырылуда.

Мұндай пікір-сайыстарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдыларды сапалы шеберлеуге мүмкіндік береді.

Айтылғандардан басқа, ұлттық деңгейдегі пікір-сайыс мемлекеттік қызметшілерге ел алдына қойған мақсаттарға жету жолында өзінің жеке салымын енгізуге зор әсерін тигізетіндігін айтып өтті.

Пікір-сайыс нәтижесімен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының мәдени – ағарту жұмыс бөлімінің басшысы Сансызбаева А.Қ. және М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің студенті Есенгелді З.Н. жеңімпаз топ мүшелері ретінде марапатталып, оларға республикалық деңгейдегі ойындарға қатысуға жолдама берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *