ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАСТАР – БОЛАШАҚТЫҢ ҮМІТІ

Аталған тақырыпта Шымкент университетінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның ашылу салтанатына Шымкент университетінің ректоры Н.Сейітқұлов,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды қолдану ерекшеліктері талқыланды.

Жиында Университет ректоры Н.Сейітқұлов іс-шараның өткізілу барысымен таныстырып, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Іс-шарада сөз сөйлеген Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

«​Білім мен тəрбиені ұштастырып, кемел келешекті ұрпақ қалыптастыру үшін білім беру орындарында жемқорлыққа жол берілмеуі керек. Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп атады. Құрметті жастар! Биылғы жыл Сіздер үшін мүмкіндікке толы жыл. Осы мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалана біліңіздер.  Оқуды өз білімдеріңізбен оқып, еліне адал қызмет ететін азамат болып өсетіндіктеріңізге сенім білдіремін» – деді Ж.Әлжанова.

Сонымен қатар, Департамент өкілі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық баяндаманың негізгі тарауларына тоқталып, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттарды жеткізді.

Соның ішінде, «Жобалық кеңселерге» ерекше тоқталып, 2018 жылы «СаналыҰрпақ» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды бастамаға айналғандығын жеткізді.

«Жобаның тиімді инновациясы скандинавиялық елдердің тәжірибесі бойынша «адалдық дүкендерінің» ашылуы болды. Мұндай дүкендерде сатушылар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер жоқ.Жобаның мақсаты жастардың бойында жоғары моральдық қасиеттерді, соның ішінде ішкі адалдықты қалыптастыру болып табылады» – деді Ж.Әлжанова.

Әрі қарай конференция қатысушылары 5 секцияға, атап айтқанда, «Жаратылыстану ғылымдары», «Педагогикалық ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар», «Математика және ақпараттық технологиялар», «Экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп» секцияларына бөлінді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *