Февраль 22, 2017

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығы).

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
ОҚО дін істері басқармасының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшада берілген нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.


 

Қосымша   

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін айқындау   
туралы шешім беру»           
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша   

нысан

көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында))

көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның
болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен
ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық
мекен-жайы, телефоны және БСН)

Өтініш

Сізден _______________________________________________ мекенжайы
бойынша орналасқан жалпы көлемi _______ гектар жер учаскесiнде
ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

Ғибадат үйi ________________________________________________________.
(конфессияға тиесiлiлiгi)
Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ____________________________.
Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) __________________________.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______ Өтініш берген күні _______
Көрсетілетін қызметті алушының мөрі ________________________________.