Февраль 25, 2017

«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығы

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы кеңсе немесе www.elicense.kz веб-порталы; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілері;
зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;
зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындылары;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын және таза, жұқпалы ағындар қозғалыстарының схемаларын қоса бере отырып, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілерінің электрондық көшірмесі;
зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;
зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындыларының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.


 

 

1-қосымша  

«I-IV патогенді топтардың  
микрорганизмдерімен және  
гельминтермен жұмыс істеуге 
рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
        

нысан

______________________________
басшысының Т.А.Ә.
______________________________
мемлекеттік органның атауы
______________________________
өтініш берушінің Т.А.Ә.,
_________________________
ЖСН/БСН
______________________________
өтініш берушінің мекенжайы
______________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

Сізден ______________________________________________________________
аудан, көше, үй, пәтер
_____________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан ________________________________________
_____________________________________________________________________
объектінің атауы
І, II III, ІV (қажетінің асты сызылады) патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Қолы
күні, айы, жылы

Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
3.


 

2-қосымша       

«I-IV патогенді топтардың  
микрорганизмдерімен және  
гельминтермен жұмыс істеуге 
рұқсат беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
   

нысан

Талон

  1. Сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні _________________
    2. Сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі _____
    _____________________________________________________________________
    3. Қосымша берілген құжаттардың саны мен атауы ________________
    _____________________________________________________________________
    4. Құжаттардың берілген күні (уақыты) және орны  ______________
    _____________________________________________________________________
    5. Өтінішті ресімдеуге, құжаттарды қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә., қолы, байланыс телефондары __________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________