Февраль 21, 2017

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру

 «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы).

 

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
     

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

 

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);
4) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық растау құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады;
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.


 

1-қосымша

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер
учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына

______________________(облыс, қала, аудан)әкіміне
_____________________________________________
(облыс, қала) _______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
_____________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
ЖСН (БСН)___________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
____________________________________________
басын куәландыратын құжаттың
____________________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
____________________________________________
мекенжайы)

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

___________________________________________________________ бойынша     (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)
орналасқан, алаңы____________________________________________________
(алқап түрін көрсету)
жер учаскесін ______________ мерзімге
дейін____________________________________
______________________________________________негізінде жүргізілетін
___________________________________________________________жұмыстарды
(іздестіру жұмыстарының түрін және мақсатын көрсету)
жұмыстарды жүргізу кестесі___________________________________________
жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.
Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану шарттарын қабылдауға міндеттенемін.
_____________________________________________________________________
(келісу)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Күні __________ Өтініш беруші________________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
_________________________________
тұлғаның не уәкілетті адамның
_______________________________
тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


 

2-қосымша 

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін   
пайдалануға рұқсат    
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына    
нысан
_________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін
__________________________________
қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)
Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________
Телефон________________________________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы
«___» _________ 20__ ж.