Февраль 22, 2017

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығы).

 

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Өтінішті қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі, мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;

 

Қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
эскиз (эскиздік жоба);
Сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Өтініштің қабылдануын растау көрсетілетін қызметті берушідегі құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған уақыты мен күні көрсетіп отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі.


 

Қосымша    

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден
өткізу» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына қосымша    

нысан
_______________________________
_______________________________
_______________________________

                            Өтініш

Өтініш берушінің аты:________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда) немесе
заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы:___________________________________________________________
Телефоны:____________________________________________________________
Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
Жобалаушы, № ГСЛ, санаты:____________________________________________
Атауы
_____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:____________________________________

Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

Мыналар қоса беріледі:

Эскиз (эскиздік жоба)
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) (көшірмесі)
Жеке куәлігі (көшірмесі)
Сенім білдірілген өкілдің жеке куәлігі (көшірмесі)
Сенімхат (көшірмесі)

Қабылдады ___________________
қолы

күні: 20__ ж. «___» ____________

Тапсырды: _______________________
қолы