Февраль 25, 2017

Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығына 1-қосымша

  

Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру

 

Жалпы ережелер

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық инспекциялары; (Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ОҚО аумақтық инспекциясы).

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспорт кезінде берілетін ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі.

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі;

4) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі;

5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

6) ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжатың көшірмесі.
Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – мемлекеттік ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) электрондық көшірмесі;

3) иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорттың электрондық көшірмесі;

4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда, ветеринариялық сертификат бланкісі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты, асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат туралы, балықтың қайдан ауланғаны туралы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып экспортауға рұқсат беру туралы, ветеринариялық анықтама туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

 

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.


 

Қосымша

«Орны ауыстырылатын          
 (тасымалданатын) объектілерге     
 Қазақстан Республикасының ішінде   
қолданылатын және экспортқа арналған
 ветеринариялық сертификат беру»  
 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
 стандартына            
 қосымша      

Нысан

________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН
/ заңды тұлғаның атауы, БСН)
Мемлекеттік тіркеу
Анықтамасының нөмірі (куәліктің) _______
Мекенжайы_______________________________

Өтініш нөмірі:

   Өтініш

Ветеринарлық сертификат беруіңізді сұраймын__________________________
(өндіріс объектісінің атауы, қызмет түрі)
Жануарды (балық, ара, қосмекенділер, жәндіктерден басқа),
жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстырған кезде –
жануардың жеке нөмірі, ветеринариялық паспорттың нөмірі
_____________________________________________________________________
асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр
жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) қосымша – асыл
тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың нөмірі және
күні________________________________________________________________
балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған,
салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ шаяндар, гамарус, салина
(циста) артемиясы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне
берілетін балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі және
күні_________________________________________________________________
Мына мекенжайда орналасқан __________________________________________
Өндіріс объектісінің тіркеу нөмірі __________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы_________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, өлшем бірлігі___
_____________________________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы мемлекет
және межелі орны
_____________________________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауда қолдану
болжанатын көлік түрі
_____________________________________________________________________
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту болжанатын
мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері көрсетілген орны
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары___________
Экспорттау мақсаты (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп бағу,
сату, етке сою, өнім және шикізат үшін – өткізу, өңдеу, жемшөп және
жемшөп қоспалары үшін – олар арналған жануарлар түрі,
_____________________________________________________________________
экспортқа рұқсат нөмірі, күні _______________________________________
Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын _______________________________
Байланыс телефоны ____________________ E-mail _______________________
_____________________________________________________________________

Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.
_______________________________________________20___жылғы ___________
(өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы )
Қосымша: ______ парақта 1 данада ____________________________________

ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есепке алу) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.