«ОҢТҮСТІК» АЙМАҚТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ «ЫРЫС» МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылдың 26 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда, бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Кездесу барысында, Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова             ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сондай-ақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», заңының негізгі ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында ұйымдастырылған «Protecting Business and Investments» жобасымен таныстырды.

Кездесу барысында, отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және олардың сенімін арттыру мәселелері талқыланып, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері айтылды.

Сондай ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырып, сонымен қатар қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *