ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисовтің төрағалағымен өткен іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры А.Жұмағали, «НұрОтан» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Қамбарбеков, сондай-ақ департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі қаралды.

Азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов кездесудің мақсатымен таныстырып, Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында құрылған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің міндеті мен мақсаттарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу тек құзырлы органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың және қоғамның міндеті екендігін айтты.

Іс-шара барысында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *