ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТОЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ КӨРСЕТУ ТҮРІНЕ КӨШУДЕ.

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдарымен 192 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

2018 жылдың І-жартыжылдығында ОҚО жергілікті атқарушы органдарымен 6 миллионнан аса мемлекеттік қызметтердің 80%-нан астамы электрондық түрде, қағаз түрінде 14,9%, ал мемлекеттік корпорациямен 2,9% көрсетілген.

Шымкент қаласында барлық мемлекеттік қызметшілер мен бағынысты мекемелердегі қызметкерлер (білім, денсаулық, әлеуметтік және т.б. салалар) электрондық цифрлік қолтаңбамен 100% қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, қаламызда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуларына жағдай жасау мақсатында 200-ге жуық «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» орнатылып, арнайы қызметкерлер бекітілген.

Тиісінше, Шымкент қаласының жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын республикалық маңызы бар қала мәртебесін ескеріп, алдағы уақытта толығымен электронды түрде мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтерді көрсету жоспарлануда.

Азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында барынша тікелей байланысты азайту негезгі мақсат болып табылады.

Жыл басынан бері мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны және негізсіз қызмет көрсетуден бас тарту деректері үшін «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің» 465 бабына сәйкес 25 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, азаматтар қызмет алу барысында бұзушылық фактілері орын алған жағдайда Департаменттің 51-51-51 сенім телефоны және 8(702) 201-51-51 WhatsApp нөмері, «memkyzmet.kz» сайты, «facebook» парақшасына шағымдар мен ұсыныстар жолдай алады.

Сенім телефоны және әлеуметтік желілер арқылы түскен кез келген сұрақтарға Департаментпен өз құзыреті шегінде дереу тиісті шаралар қолданатын болады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *