ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШЫМКЕНТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесінде болды.

Ғабидолла Әбдірахымов қаланы еліміздегі ең адал қала ретінде танытуға бағытталған «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басқарушы Кеңесінің өкілі болып табылады.

Кураторлармен және жобалық кеңсенің құрамымен әңгіме жүргізу барысында Шымкент қаласының әкімі “Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер” жобасы сыбайлас жемқорлық көптеп кездесетін және әлеуметтік маңызы бар салаларда кешенді талдау негізінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың «қайта жүктелуі» екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы,  “Шымкент – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің со-кураторы Әли Көмекбаев  қатысушыларға сарапшылар топтарымен, қоғам белсенділерімен әр аптаның сенбі күні өткізілетін кездесулер туралы айтты.

Осы тұрғыдағы жиналыстардың барлығы “brainstorming” форматында өтеді және ұжымдық жұмыстың нәтижесі нақты идеялар мен қойылған міндеттерді шешу жоспарларын әзірлеу болып табылады.

Кездесу барысында Жобалық кеңсенің басшысы Ерасыл Төлебаев қоғамды тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтан арылту, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалары

– “ASHYQ SAULET” жобасы аясында сәулет саласында 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Қазіргі таңда өтініштер онлайн қабылдануда;

-“MEKTEPKE JARDEM” жобасы – Шымкент қаласының мектептерінде білім басқармасымен бірлесіп демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған “электрондық платформаның” жұмыс істеу процедурасын әзірлеу;

– “SMART PARKING” жобасы – бірыңғай қалалық тұрақ кеңістігін құру;

– “OPEN SPACE” жобасы мемлекеттік органдарда ашық кеңістік құру (5 әкімдік басқармасы және 4 аудандық полиция бөлімі);

– “FLEXIBLE SCHEDULE” жобасы түскі үзіліссіз қызмет көрсетуге мүмкіндік берген Жұмыспен қамту орталығындағы икемді кесте;

– «Integrity shop» жобасы (қалада 100-ден астам «адалдық дүкендері» қызмет етуде);

Сонымен қатар, қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын кездесулер, әлеуметтік желілер арқылы түсінідіріп, түрлі мәселелерді шешуге жірдемдесі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *